
10 Қазан, 2018
866
Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен дін көшбасшыларының VI съезі басталды
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттер арасындағы сенімді нығайтып, қауіпсіз әлемді қалыптастыру жолында конфессияаралық, өркениетаралық диалог орталығын бекітуге дайын екенін мәлімдеді
«Жаһандық қауіпсіздік жүйесінде жаңғыртудың табысы - әлемдік бірлестіктердің милитаристік ойлау жүйесін еңсеруіне байланысты болады. Мемлекеттердің әскери блоктарға бөлу ісін өткенге қалдыру керек. Әскери блоктардың болуы - мәнсіз де тартысқа әкелуі мүмкін фактор. Жалпыәлемдік антиәскери шаралар туралы өз көзқарасымды мен «Бейбітшілік. ХХІ ғасыр» Манифестінде көрсетіп өткен едім. Ол БҰҰ-ның 100 жылдығына қарай «Ядролық қарусыз әлем» құруға үндейді. Біздің мұндай бастама көтеруге моральды құқығымыз бар. Қазақстан әлемдегі ядролық полигонды жауып, қуаты жағынан төртінші орындағы ядролық-зымыранды арсеналдан бас тартты», - деді Нұрсұлтан Назарбаев Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезінде. Президент өз сөзінде әлемдік бірлестіктер мен дін басшылары Қазақстан ұсынған шараларды қолдайтын болса, бұл мақсатқа (ядролық қарусыз әлемге - авт.) әлбетте жетуге болатынын атап өтті. «Қазақстан дәстүрлі түрде мемлекеттер арасындағы сенімді қайта қалпына келтіру жолында толассыз еңбек етіп келеді. Белгілі болып отырғандай, біз сириялық қақтығыстардың тоқтатылуына күш салып, сонымен бірге келіссөздер жүргізу үшін алаң ұсынып отырмыз. Біз тұрақты түрде Шығыс Украинадағы мәселелердің реттелуі үшін жұмыс жүргізіп келеміз. Ресей мен Түркия арасындағы кикілжің кезінде де Қазақстан тараптарды татуластыру жолында тер төкті. Біз бұл бағытта ары қарай жұмысты жалғастыруға дайынбыз», - деді Президент. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан алдағы уақытта да аймақтық және жаһандық қауіпсіздік үшін барынша күш салатынын айтып өтті. «Айтылған бастамаларды бірлесе жүзеге асыру үшін мен өз тарапымнан конфессияаралық, өркениетаралық диалогты дамыту орталығын бекітуге дайынмын. Біз халықаралық құқықтан аттап кетпейтін бұдан да қауіпсіз әлемді қалыптастыруға бірлесе күш салуымыз керек», - деді Президент.
Еске сала кетсек, елордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезі өтіп жатыр.
Съез жұмысының ашылу рәсімінде түрлі ұлт өкілдерінен құралған хор «Ақ көгершін» әнін орындады. Алқалы жиынға барлық әлемдік және дәстүрлі діндердің өкілдері, сонымен қатар беделді діни лидерлер, саяси қайраткерлер мен халықаралық ұйым өкілдерінен құралған 46 елден 82 делегация қатысуда.
Съездің мәртебелі мейманы - Сербия Республикасының Президенті Александр Вучич. Жаһандық шараның басты және негізгі тақырыбы - «Діни лидерлер қауіпсіз әлем үшін». Алтыншы съезд аясында «Әлем ХХІ ғасыр» манифесі» жаһандық қауіпсіздік тұжырымдамасы ретінде», «Құбылмалы геосаяси жағдайдағы діндер: адамзатты біріктіруге арналған жаңа мүмкіндіктер», «Дін жаһандануы: сын-тегеуріндер мен жауаптар», «Дін көшбасшылары мен саяси қайраткерлер экстремизм мен терроризмді еңсеру жолында» атты төрт бағыт бойынша секциялық отырыстар өтеді.
Айта кетейік, жалпы отырысқа дейін ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалымен Діни лидерлер кеңесінің отырысы өткен болатын.
Биыл Съез жұмысына алғаш рет Сингапур, Вьетнам мен Өзбекстан делегациясы қатысуда.
Дата события ассамблеи: 10.10.2018
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде «Ана – ұлттың ұйыстырушысы» тәжірибеге бағытталған курсы басталды
-
Ақмолада ҚХА XXVIII сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Балаларды қорғау күнімен құттықтады
16 Маусым, 23:30
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Абай облысы
18 Маусым, 00:17
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде «Ана – ұлттың ұйыстырушысы» тәжірибеге бағытталған курсы басталды
17 Маусым, 22:41
ҚХА жастар қанатының өкілдері Жастар құқықтары жөніндегі комиссия құрамына кірді
17 Маусым, 22:45
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
16 Маусым, 00:02
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Қызылорда облысы
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде «Ана – ұлттың ұйыстырушысы» тәжірибеге бағытталған курсы басталды
-
Ақмолада ҚХА XXVIII сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Балаларды қорғау күнімен құттықтады