
26 Мамыр, 2017
891
«National Geographic Қазақстан» атты журналдың тұсаукесері өтті
«Каспий құбыр консорциуымы-Қ» АҚ биыл Атырау облысындағы барлық білім орталарын әлемге танымал «National Geographic Қазақстан» журналына тегін жаздыру мақсатында Атырау Мұнай және Газ университетінде 2017 жылдың 25 мамырында таныстыру іс-шарасы өтті.
Іс-шараға «Қазақстан халқы Ассамблеясы» Қоғамдық қорының өкілі, «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы мен мамандары, Атырау облысы білім беру басқармасы мен Атырау мұнай және газ университетінің басшылары, аталмыш журнал редакциясы мен зиялы қауым өкілдері, студенттер мен журналисттер қатысты.
Жиында сөз бастаған Атырау Мұнай және Газ университетінің ректоры Әли Әбішев Атырау мұнай және газ университеті ай сайын бұл басылымның 50 данасын алып, National Geographic-ті студенттер қауымы қызыға оқиды дейді.
Осы шараға арнайы келген «Каспий құбыр консорциуымы-Қ» АҚ бас директорының ҚР Үкіметімен байланыс жөніндегі орынбасары Қайыргелді Кабылдин студенттер мен залға жиналған қонақтарға: - «Қаржыны Атырау облысының әлеуметтік саласына жұмсадық және бұдан былай да біз білім саласына бағытталған қайырымдылық жобаларымызды жалғастырамыз»,- деді. 20 мың дана журнал Қазпошта бөлімшелері арқылы таратылуымен Атырау өңірінің шалғай жатқан елді мекендеріне тұрақты жеткізіп тұратындығын ескертті.
Облыстық білім басқармасының бастамасымен, Каспий құбыр консорциуымының демеушілігімен, Қазақстан халықтары Ассамблеясы қорының ұйымдастыруымен жүзеге асырылып жатқан бұл жобаның мақсаты әлемдік деңгейдегі танымал, зерттеулері мен сапалы фотосуреттері бар ғылыми-танымдық журналды мектеп оқушылары мен колледж, жоғарғы оқу орындарының студенттеріне қолжетімді ету.
128 жылдық тарихы бар «National Geographic Қазақстан» журналы әлемнің 80-нен астам еліне таратылады. Енді міне, ол журнал Орталық Азияда тұңғыш рет «National Geographic Қазақстан» деген атаумен қазақ оқырмандарымен де қауышып отыр. Ол баспа брендінде ең мықты ғалымдар мен жүрналистер ізденісі, фотографтардың таңдай қақтырар туындылары үздіксіз жарияланып тұрады. 2016 жылдан бастап 38-ші тіл болып осы қатарға қазақ тілі де қосылып отыр.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
-
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
5 Қыркүйек, 22:32
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
Ұқсас жаңалықтар
-
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
-
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті