Қазақстан халқы Ассамблеясы

14 Қаңтар, 2016

772

Наум Григорьевич Шафердің «Жұлдызды кеші» өтті

Қаңтардың 13-ші жұлдызында «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінде профессор, музыкатанушы, композитор, бірегей үнтаспалар жинағын құрған Наум Григорьевич Шафердің 85-жылдық тойына арналған мерекелік іс-шара өтті. Ерекше мәні бар думанда Наум Шаферді құттықтау үшін оның достары және өңіріміздің өнерсүйер қауымы жиналды. Бұл күні іс-шара өткен Достық үйінің мәжіліс залы адамдарға лық толды.    

Наум Григорьевич Шафер тек қана Павлодарда ғана емес, бүкіл елге танымал тұлға. Оның бірегей жинағында 27 мыңнан астам үнтаспа бар. Олардың қатарында Ресей, АҚШ және Израиль мәдениет қайраткерлерінің қызығушылығын танытатын, әлемнің барлық елдері мен халықтарының әндері мен әуендерінің сирек кездесетін даналары бар. Бұл жинақ Қазақстан халқы Ассамблеясының музыка мәдениетінің жазирасы іспеттес. Сирек кездесетін даналардың арасында Күләш Бәйсейітова, Жамал Омарова сынды күміс-көмей әншілерінің жазбалары сақталған.

Іс-шара барысында Павлодар облысы әкімі аппаратының жетекшісі Расул Қабдоллаұлы Оразғұлов той иесіне облыс басшысы Бозымбаев Қанат Алдабергенұлының құттықтау хатын тапсырды. «Бойыңызда филолог ғалым, әдебиеттанушы, публицист және жазушы, профессор, педагог, музыкатанушы және композитор, коллекция жиюшы ұштасқан көп қырлы тұлғасыз. Сіз жинаған сирек кездесетін үнтаспалардың қоры еліміздің баға жетпес мәдени мұрасы болып табылады. Сонымен қатар мәні зор ғылыми және шығармашылық зертеулердің майталманысыз» - деді өзінің құттықтау сөзінде Расул Қабдоллаұлы. Сондай-ақ ол Наум Григорьевич Шафердің есімі Павлодар облысының тарихы, мәдениеті мен өнерінде алтын әріптермен жазылғанын тілге тиек етті.   

Құттықтаулар мен көрсетілген құрметке ризашылығын білдіре отыра, Наум Григорьевич Павлодар қаласының мәдени демалыс орталығының үрмелі оркестірінің орындауындағы өзі шығарған «Печорин» операсының жеті үзіндісін тарту етті. 

Іс-шара барысында «Привет Дунаевскому» маршы, «Мой старый патефон» тангосы, «Новогодний вальс» және «Костер пионерский, пылай» әндері орындалды. Осы шығармалардың барлығы той иесінің туындылары болып табылады.

  

  

 

Павлодар облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

медиа қамтамасыз ету бөлімі

Кейін қарай