16 Наурыз, 2017
1101
Неміс делегациясы Достық үйінде
Бүгін Конрад Аденауэр атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігінің директоры Томас Хельмнің Сыр еліндегі бірлік пен татулықтың мекеніне айналған Достық үйінде болды. Кездесуге облыстық ассамблея хатшылығының басшысы Ләйлә Төрешова, Сыр еліндегі барлық этномәдени бірлестіктің жетекшілері, белсенді мүшелері қатысты.
Ең бірінші олар Достық үйінің музейін аралап, ондағы этнос өкілдерінің бірнеше ғасырлық тарихы, мәдениетімен және «Wiedergeburt» облыстық неміс этномәдени бірлестігінің бөлмесімен танысты.
Облыста этносаралық келісімді нығайту саласында этномәдени бірлестіктер мен азаматтық институттардың өзара қарым-қатынасына ерекше көңіл бөлінгендігі белгілі. Осы орайда, Т.Хельм Сыр өңіріне түрлі тарихи жағдайлардың əсерімен қоныс тепкен этностар, олардың жергілікті қазақтармен қарым-қатынасы, дəлірек айтсақ, аймақтағы татулықтың тарихи тамырларына баса назар аударды. Сұрақтарын қойып, оған тұщымды жауаптар алды.
Жүздесу барысында облыстық ассамблея хатшылығының басшысы Л.Төрешова ел бірлігі жəне оны қамтамасыз етудегі Елбасымыздың тегеурінді де сарабдал саясатының басым бағыттары, этносаралық ынтымақ- тың іргесін бекіту бағытында атқарылған жұмыстардың нақты нəтижелерін тілге тиек етті.
Кездесуде барлық этнос өкілдері салт-дәстүрлері мен мәдениеттерін өзара құрмет тұтып, дос көңілмен араласып, құда-жегжат болып біте қайнасып, ынтымақты өмір сүріп жатқандығын айтып өтті.
Қордың Қазақстандағы өкілдігінің директоры Томас Хельм ықыласты қабылдау үшін ризашылығын білдірді.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ӨҢІРЛІК КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
-
ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ҚХА ДОСТЫҚ ЕЛШІСІ АКБАР АСАДУЛЛОНЫ МАРАПАТТАДЫ
-
Сыр елі – достық мекені» республикалық жастар форумының пленарлық отырысы өтті
-
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да Көрісу күні - бірлік, достық және құрмет күніне арналған мерекелік іс-шара өтті