14 Шілде, 2015
1044
Қоғамға ашық жаңа мекеме
14 шілде күні Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесін БАҚ өкілдеріне таныстыруға арналған тұсаукесер болып өтті.
14 шілде күні Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесін БАҚ өкілдеріне таныстыруға арналған тұсаукесер болып өтті. Журналистермен болған кездесуді ашқан Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» ҚММ-нің басшысы Бауыржан Рапиқов аталмыш ұйымның құрылу тарихымен таныстырды
- Өздеріңіз білесіздер, Елбасы Н.Назарбаев 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жариялады, - деді ол өз сөзінде. - Біздің қоғамда тыныштық пен келісімді сақтауға міндетті бірегей институт — Қазақстан халқы Ассамблеясын құру жөнінде 1995 жылы 1 наурызда Мемлекет басшысының Жарлығы шыққан еді. Биылғы 20 жылдық мерейтойға орай үстіміздегі жылы әлеуметтік маңызы бар жобалар іске асырылатын болады. Осы жылы атқарылатын барлық қызметтер Қазақстан халқы Ассамблеясың мақсаттарына сай болмақ.
Бұдан әрі бес президенттік реформаны іске асыру, соған орай «100 нақты қадам» ұлттық бағдарламасын іске асыруда Қазақстан халқы Ассамблеясына маңызды міндеттер жүктелгенін Бауыржан Серікбайұлы атап өтті. Ұлттық жобаның IV тармағына сәйкес «Үлкен ел — үлкен отбасы» атты Қазақстан халқы Ассамблеясының кең көлемді жобасын іске асыру міндеті тұр. Бұл қазақстандық біртектілік пен азаматтық қоғамның тұтастығына жағдай жасайды.
Осындай ауқымды міндеттерді жүзеге асыру үшін Елбасының Жарлығымен ҚР Президенті Әкімшілігі жанынан «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі құрылған болатын. Оның Қарағанды өңіріндегі филиалы — облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесі құрылып, биылғы жылғы наурыз айында заңды тұлға ретінде тіркеуден өтті. Екі-үш айдан бері өз қызметіне кірісіп, аймақтағы этносаралық тұрақтылықты нығайтуға бағытталған біраз іс-шаралар өткізді. Бұл мекеме барлық қоғамдық ұйымдармен, этномәдени орталықтармен, мемлекеттік органдармен ашық жұмыс істейтін ұйым болып табылады. Оның болашақтағы штаттық бірлігі 22 адам болмақ. Бұл мемлекеттік мекеме қаланың Оңтүстік-шығысында салынып жатқан «Достық үйінде» орналасып, этномәдени орталықтармен тығыз қызмет істейтін болады.
Кездесу соңында журналистер өздерін қызықтыратын сұрақтар қойып, соған тиісті жауап алды. Тұсаукесер облыстық «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің қызметі жөніндегі слайд көрсетумен аяқталды.
Қарағанды облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» ҚММ-ның
баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
«Ассамблея жастары: Жаңа толқын, жасампаз буын»тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясы III Республикалық жастар сессиясы өтті
-
ЖАҢА ӨМІРДІҢ ЖАРҚЫН БАСТАМАСЫ
вчера, 11:56
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
7 Тамыз, 22:49
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
5 Тамыз, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
7 Тамыз, 12:15
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
Ұқсас жаңалықтар
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
«Ассамблея жастары: Жаңа толқын, жасампаз буын»тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясы III Республикалық жастар сессиясы өтті
-
ЖАҢА ӨМІРДІҢ ЖАРҚЫН БАСТАМАСЫ