14 Сәуір, 2016
835
Қоғамдық бастамалар
Петропавлда алғаш рет «Қоғамдық бастама - 2016» әлеуметтік жобалар конкурсы өтті. Оның басты мақсаты – Солтүстік Қазақстан облысы әлеуметтік-экономикалық дамуының міндеттерін шешуге және мүмкіндігі шектеулі адамдардың проблемаларына жұртты тарту.
Өңірімізде бүгінгі таңда 29 мыңға жуық мүгедек тұрып жатыр, оның үштен бір бөлігі - Петропавлда. Оларға ыңғайлы болу үшін қолдан келерлік көмек көрсетілуде, конкурста мәлімделген жеті жоба дәл осы мәселеге бағытталды.
СҚО әкімінің мүгедектермен жұмыс жөніндегі кеңесшісі Владислав Демьяновтың айтуынша жобалар екі номинация бойынша ұсынылды "Мүгедек балаларға және халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына көмек көрсету" және "Жалғызілікті зейнеткерлерге және мүгедектерге көмек көрсету ". Барлығы жеті өтінім келіп түсті.
Конкурсқа қатысушылардың бірі – Руслан Растенов. Қызылжар аудандық мүгедектер қоғамында жобаны 2015 жылдан бастап әзірлеген. Тіпті іске асыра бастаған: қайырымдылық концерттерін ұйымдастырды, балаларға жәрдем берді. «От сердца к сердцу» деп аталатын тағы бір концерт жоспарда тұр. Жиналған ақшаны "Жарқын әлем" мүгедек балалар қорына тапсырады. Осы жылы мұндай конкурс өткізіліп, 70 мың теңгеден астам қаржы жиналған.
- Әрине, барлық мәселелерді бірден шешу мүмкін емес. Біздің аймақта 16 жасқа дейінгі 134 мүгедек бала тұрып жатыр. Біз ауылдық округтерді аралап, мүгедектердің мәселелерін анықтадық. Түскен қаржының барлығын олардың арасында бөлетін боламыз, - деп айтып кетті Қызылжар аудандық мүгедектер қоғамының төрағасы Руслан Растенов.
"ОРиДИ" облыстық ата-аналар мен мүгедек балалар ұйымы өкілдері де өз жобаларын дайындаған, ұйым "балалардың церебральды сал ауруы" диагнозы бар балаларды біріктіреді. Конкурсқа қатысушылар иппотерапия курстарын өткізуді жоспарлаған.
- Иппотерапия - мүгедек балаларды атпен жүріп, емдеу арқылы оңалту құралы. Біз сәуірде екі сабақ өткізуді жоспарлап отырмыз. Жобаның мақсаты – сезу, қабылдау, елестету, назар аудару секілді танымдық үдерістерді дамыту. Біздің міндетіміз моториканы дамыту, арқа бұлшық етін қатайту арқылы балаларды белсенділікке ынталандыру, - дейді "ОРиДИ" облыстық ата-аналар мен балалығынан мүгедек балалар ұйымының төрайымы Екатерина Андреева.
Ал Қазақстан халқы Ассамблеясы жастар қанатының балалары зейнеткерлерге көмек беруді қалайды. Әзірлеген жобасы аясында қарттар үйлеріне баруды жоспарлайды. Қарттарға кәсіби жаттықтырушымен жаттығу, тәттіге толы үстел және көңілге қонымды әңгіме ұйымдастырмақ.
- Олар үшін маңыздысы – ілтипат білдіру, - деп атап өтті қатысушылардың бірі Жібек Габдуллина. Барлық жобалардағы ортақ мән – қайырымдылық және көмекке мұқтаж адамдарды қолдау. Ұсынылған жобалардың ішіндегі үздіктері ұйымдастырушылардың арқасында жақында жобаларын іске асырмақ. Ұйымдастырушылар облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы және «Қоғамдық келісім» КММ болды.
Жобаларды іске асыру үшін қаржы бөлуге олардың басшыларымен шарт жасалды.
Барлық қатысушыларға 3 сағаттық «Көшбасшылық» тренингі өткізілді. Оны халықаралық дәрежедегі жаттықтырушы Светлана Большедворова өткізді.
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» ММ
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті
-
Алматы қ. республикалық Достық үйінде «Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы: Ана мен бала бақыты – қоғамдық тұрақтылықтың негізі» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті
-
ҚР мемлекеттік наградаларымен және ҚХА қоғамдық наградаларымен марапатталған ҚХА мүшелерін құттықтаймыз!
-
Марат Әзілхановтың «Иверия» грузин этномәдени қоғамдық бірлестігі» төрағасы Зураб Гедеванович Бобохидземен кездесуі өтті
-
Лугмар Буларов ҚХА-ның «Біртұтас қоғам: сенім және келісім» қоғамдық жобасы шеңберінде семинарға қатысты
25 Шілде, 21:04
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
сегодня, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады