15 Маусым, 2018
1042
ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ, АНАЛАР КЕҢЕСІ ЖӘНЕ «ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» ҚХА ЖАСТАР ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ МЕДИАЦИЯ ИНСТИТУТЫ
15 маусым күні Талдықорған қаласындағы Тілдер сарайында өңірдегі қоғамдық медиаторлар жұмыстарының белсенділігін арттыру, татуластырудың тиімді тәсілдерін жетілдіру және медиаторлардың жұмысындағы өзекті мәселелерді, ұсыныстарды талқылау мақсатында «Қоғамдық келісім, Аналар кеңестері және «Жаңғыру жолы» ҚХА жастар қозғалысының қызметіндегі медиация институты» тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясының семинары өтті.
Маңызды шараға ҚР Президенті Әкімшілігі жанындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының сарапшысы, ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ-і медиация және халықаралық әріптестік секторының жетекші сарапшысы, облыстық сот, прокуратура, әділет департаменті, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы, этномәдени бірлестіктер, Аналар, қоғамдық келісім кеңестерінің төрағалары мен белсенділері, аудан, қалалардың кәсіби емес және кәсіби медиаторлары, БАҚ өкілдері қатысты.
Жиынға «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының» директоры Т. Қасымберкебаев төрағалық етті.
Сондай-ақ семинар аясында медиация сұрақтары бойынша ашық есік күні өтті.
Семинарда ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының сарапшысы И. Раһимзаде, Алматы облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы О. Жақиянов, Алматы қаласы Достық үйінің медиация үйлестірушісі Н. Альтекова, Сарқан ауданының кәсіби емес медиаторы К. Калиева, Алматы облыстық сотының судьясы Ф. Абдуллин, «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалының өкілі А. Жазықбаев, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы Алматы облыстық штабының төрайымы Р. Усанова сөз сөйледі.
Пленарлық отырыс аяқталған соң «Келісім» халықаралық медиация және құқық орталығының директоры, София университетінің медиация бойынша PhD докторанты, жаттықтырушы-медиатор Г. Нарбаева қатысушы медиаторлармен пікір алмаса отырып, семинар-тренинг өткізді. Семинар соңынан қатысушыларға сертификат табысталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
ҚХА жастар қанатының өкілдері Жастар құқықтары жөніндегі комиссия құрамына кірді
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Абай облысы
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Қызылорда облысы
20 Маусым, 15:06
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
18 Маусым, 00:17
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде «Ана – ұлттың ұйыстырушысы» тәжірибеге бағытталған курсы басталды
вчера, 17:05
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
18 Маусым, 09:23