15 Тамыз, 2016
2620
Қоғамдық келісім кеңесінің отырысы
Достық үйінің конференция залында Қоғамдық келісім кеңесінің отырысы өтті, оған этномәдени бірлестіктер, қоғамдық ұйымдар, мемлекеттік мекемелер өкілдері қатысты.
Мемлекет басшысы, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың ҚХА-ның ХХ сессиясында берген тапсырмасы бойынша Солтүстік Қазақстан облысында Қоғамдық келісім кеңестері құрылды.
Қоғамдық келісім кеңестері облыстың барлық аудандарында құрылды, сондай-ақ биыл «Қызылжар Су» ЖШС кәсіпорнында ашылды. Бүгінгі таңда облыс бойынша Кеңестер саны – 48.
Қоғамдық келісім кеңестерінің міндеті мемлекеттік реформаларды іске асырудың басты шарттары ретінде тұрақтылықты, азаматтық татулықты, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту болып табылады.
Отырысты Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Наиль Салимов ашты. Баяндамасының тақырыбы ««Әлем. XXI ғасыр Манифесі» - «Болашақ ұрпақтар үшін бейбітшілікті сақтау» болды.
«СҚО дін істері жөніндегі басқармасы» ММ бөлім басшысы Бағдад Мұқанова облыстағы діни жағдаймен бөлісіп, қатысушыларды қызықтырған барлық сұрақтарға жауап берді.
Қаладағы жолды жөндеу мәселесі де өзекті болды. Петропавл қаласы автомобиль жолдары секторының меңгерушісі Серік Қанапинов біраз ақпарат айтты. Қаламызда талай рет жөндеу жұмыстары жүргізілген. Серік Ноғайбайұлының айтуынша 574,457 млн. теңге сомасына 9 көше бойынша орташа жөндеу жоспарланған. Аққайың ауданы Қоғамдық келісім кеңесінің жұмысы жөнінде «Аққайың ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ бас маманы Арман Дүйсембинов айтып өтті. Ол Аққайың ауданындағы Кеңестер құрамымен таныстырып, олардың жұмысын сипаттады. Қоғамдық келісім кеңесі қызметінің жақсы үлгісі ретінде Астрахан ауылдық округін атауға болады. 2015 жылы Кеңесте ауыл ішіндегі жолдардың жағдайы мәселесі қаралған. Кеңес бастамасы бойынша жобалау-сметалық құжаттама даярлау үшін ақшалай қаражат жиналды. Ағымдағы жылы жолдарды жалпы 10 млн теңгеге жөндеу жүргізілуде.
«Дуслык» татар-башқұрт орталығы төрағасының орынбасары, «Қызылжар Су» ЖШС Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі Фанис Литфуллин ұйымдағы жаңалықтарға тоқталып, Қоғамдық келісім кеңесінің жұмысына қорытынды жасады.
Отырыс ашық пікірталаспен аяқталды.
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» ММ
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
-
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
-
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
25 Тамыз, 18:49
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
25 Тамыз, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
25 Тамыз, 21:37
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті