30 Қараша, 2022
406
"Қоғамдық келісім" КММ директорларының қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының әдістемелік кеңесі өтті
30 қарашада Ақтау қаласының Достық Үйінде «Қоғамдық келісім» КММ, облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының Достық үйлері директорларының қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының әдістемелік кеңесі өтті.
Жобаның мақсаты – өңірлік «Қоғамдық келісім» КММ және ҚХА қоғамдық құрылымдарының қызметіне менеджменттің заманауи әдістерін енгізу, этносаралық қатынастар саласындағы міндеттерді іске асыруды қамтамасыз ететін ұйымдардың қызметін жетілдіру.
Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Марат Әзілханов, Маңғыстау облысының әкімінің орынбасары Ұлықбек Тналиев , ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Қоғамдық келісім» РММ директоры Қазбек Майгельдинов, «Қоғамдық келісім» КММ өңірдегі басшылары қатысты.
Отырыс барысында модератор Қазбек Майгельдинов Достық үйлері шағын бизнес пен жастардың бастамаларын қолдау арқылы азаматтардың әл-ауқатын жақсарту жөніндегі міндеттерді жүзеге асыруға ықпал ету керек екенін атап өтті. Сондай-ақ, еліміздегі этносаралық қатынастар мәселесі мемлекеттің ұдайы күн тәртібінен түспейтін, оған үнемі ерекше көңіл бөлетін салалардың бірі екенін ескерді.
Өз кезегінде Марат Әзілханов Достық үйлері Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық жобалары үшін ресурстық орталықтар мен жобалық кеңселерге айналуға тиіс екенін, яғни олардың қызметі азаматтық сектордың кең ауқымымен, ең алдымен этномәдени бірлестіктермен, үкіметтік емес және мемлекеттік ұйымдармен, сондай-ақ халықпен жұмыс істеуге бағытталуы тиіс екенін атап өтті.
Марат Әзілхановтың айтуынша, жағдайды түзету қажет. Достық үйлері белсенді күн тәртібі, құзыретті және процеске тартылған кадрлар мен тартымды қызметі бар халық үшін тартымдылық орталықтары болуға тиіс екендігіне назар аударды.
Сөз соңында ол Достық үйлерінің белсенді жұмысы оның қазақстандықтар үшін қажеттілігін, маңыздылығын айғақтайды. Келешекте Достық үйлері әлеуметтік-азаматтық бастамаларды, ынтымақтастық пен жасампаздықты қолдау орталығына айналуы тиіс, өйткені жылдам жаңғырту шарттары этностардың бірегейлігін қолдаумен қатар, бейбітшілік пен жылулық үйіндегі ортақ шаңырақ астында барлығын біріктіруі тиіс екенін атап өтті.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің республикалық форумы өтті
-
Марат Әзілханов Жамбыл облысының «Масанчи жастары» қоғамдық бірлестігінің белсендісі З.Лировпен кездесті
-
Марат Әзілханов «Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы» ҚБ төрағасы Д.Әлиевпен кездесті
-
Марат Әзілханов ҚХА-ның «Біртұтас қоғам: келісім және сенім» қоғамдық жобасының жетекшісі Л.Буларовпен кездесу өткізді
-
Сергей Пономарев Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының басшысы болып сайланды
-
Алматы облысы Ұйғыр ауданында аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды
10 Қыркүйек, 17:29
Сергей Пономарев Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының басшысы болып сайланды
8 Қыркүйек, 11:32
«Бірлік» халықаралық жастар лагерінің соңғы күні
9 Қыркүйек, 09:14
Алматы облысы Ұйғыр ауданында аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды
11 Қыркүйек, 22:01
Марат Әзілханов Жамбыл облысының «Масанчи жастары» қоғамдық бірлестігінің белсендісі З.Лировпен кездесті
12 Қыркүйек, 15:55