11 Қазан, 2023
273
Қоғамдық келісім және БАҚ
2023 жылғы 11 қазанда республикалық Достық үйі ұйымдастырған еліміздегі жүзеге асырылып жатқан саяси реформаларды түсіндіру бойынша сарапшыларды даярлау жөніндегі республикалық Әдістемелік орталықтың «Қоғамдық келісім және БАҚ» тақырыбындағы онлайн семинары өтті.
Семинар жұмысына «Қоғамдық келісім» КММ жанындағы барлық өңірлік әдістемелік орталықтардың өкілдері, этникалық БАҚ, этномәдени бірлестіктер мен ҚХА құрылымдарының, мемлекеттік органдардың өкілдері және барлық тілек білдірушілер қатысты.
Онлайн отырыстың спикерлері ретіңде сөз сөйлегендер: Жанарбек Әшімжанов – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты; Бауыржан Сержанов – экономика ғылымдарының докторы, «SANA» халықаралық ғылыми-зерттеу орталығының бас директоры - басқарма төрағасы, Азамат Қужбанов - PhD in politics (саясаттану ғылымдарының докторы), «SANA» халықаралық ғылыми-зерттеу орталығының басқарушы директоры, қоғамдық дипломатия қоры Президентінің стратегиялық сұрақтар жөніндегі орынбасары болды.
Семинарға қатысушылар БАҚ-тың қазіргі қазақстандық қоғамның саяси және рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда әрқашан маңызды рөлін атқаратындығы туралы ортақ пікірлерін білдірді. Бірақ бұқаралық ақпарат құралдарының халыққа моральдық-психологиялық әсері екі жақты екені туралы да айтылды. Бір жағынан, олар оған оң әсер етеді, екінші жағынан, олар ұлтаралық текетірес пен этносаяси шиеленістің катализаторы бола алатындығы айтылды.
Семинар аясында қоғамдағы келісімнің өзара байланысы мен оған бұқаралық ақпарат құралдарының ықпалы, интернет-кеңістіктегі БАҚ-ты құқықтық реттеу мәселелері қарастырылды, сондай-ақ қатысушылар Қазақстан халқы Ассамблеясының осы бағыттағы қызметі туралы ақпараттандырылды. Семинар барысында барлық қатысушыларда пікір алмасуға және спикерлерге сұрақтар қоюға мүмкіндіктері болды.
Іс-шара соңында «Қоғамдық келісім» КММ - Достық үйлерінің жанындағы еліміздегі жүзеге асырылып жатқан саяси реформаларды түсіндіру бойынша сарапшыларды даярлау жөніндегі өңірлік әдістемелік орталықтардың өкілдеріне және барлық қатысушыларға семинар барысында берілген ақпараттарды жергілікті жерлерде халықпен одан әрі жұмыста пайдалану ұсынылды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
5 Қыркүйек, 22:32
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді