13 Қыркүйек, 2023
490
«Қоғамдық келісім және ұлттың әл-ауқаты: серіктестік, медиация және экономикалық белсенділік мүмкіндіктері» атты интеракция конференциясы
2023 жылғы 15 қыркүйекте Алматы қ. республикалық Достық үйінде «Қоғамдық келісім және ұлттың әл-ауқаты: серіктестік, медиация және экономикалық белсенділік мүмкіндіктері» атты интеракция бойынша конференция өтеді.
Іс-шара Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXII сессиясында, Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты IIотырысында сөйлеген сөздері, сондай-ақ Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты ел халқына Жолдауының аясында ұйымдастырылады.
Конференция Қазақстан Республикасының ПрезидентіҚ.Тоқаев ұсынған жаңа саясаттың негізгі аспектілерін талқылау үшін қоғамдық және мемлекеттік қызметтің түрлі салаларындағы қатысушыларды, билік өкілдерін, саясаткерлерді, сарапшыларды, белсенділерді, сондай-ақ халықаралық қонақтарды біріктіретін болады.
Конференцияға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, ҚРМәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин, ғалымдар, сарапшылар, қоғамдық қайраткерлер және бизнес қоғамдастықтың өкілдеріқатысады деп күтілуде.
Конференцияның мақсаты – этносаралық қатынастарды нығайту, медиация, құқықтық белсенділікті дамыту және тұрақты экономикалық өсуді ынталандыру негізінде үйлесімді қоғам құруға жәрдемдесу стратегияларын қолдау және талқылау болып табылады. Іс-шара аталған мақсаттарға қол жеткізуге және тұтастай алғанда елдің тұрақты ілгерілеуіне ықпал ететін жаңа идеялар мен серіктестіктерді қалыптастыруға бағытталған.
Конференция шеңберінде «Қазіргі кезеңдегі жалпыұлттық бірлік және қоғамдық келісім», «Экономикалық белсенділік – қоғамдық тұрақтылық факторы ретінде», «Медиация қоғамдағы қақтығыстардың алдын алу құралы ретінде» үш талқылау блогы өткізілетін болады.
Қатысушылар өз және үздік тәжірибелерімен алмаса отырып, әлеуметтік маңызы бар мәселелер және елдің жан-жақты дамуын қамтамасыз ету бойынша өзініңұсыныстарымен бөліседі.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов ҚХА «Шаңырақ» кафедралары қауымдастығымен және ҚХА кафедрасының өкілдерімен кездесті
-
Алматыда ҚХА 30 жылдығына және Ш. Айтматовтың 97 жылдық мерейтойына арналған Халықаралық конференция өтті
-
Астанада «Елдесу және татуласу» жобасы аясында ҚХА Республикалық этномедиация кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де «Этномедиация: бірлік институты» атты модульдік оқыту бағдарламасы басталды
-
АСТАНАДАҒЫ КОРЕЙ МӘДЕНИЕТІ КҮНІ: ДӘСТҮР, ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ДОСТЫҚ БІРЛІГІ
-
Алматыда «Ахысқа» республикалық түрік газетінің 25 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті
9 Ақпан, 17:40
Астанада ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің отырысы өтті
5 Ақпан, 17:24
Астанада ҚХА Аналар кеңесінің жаңа Конституция жобасына арналған республикалық дөңгелек үстелі өтті
5 Ақпан, 18:45
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов ҚХА активімен кездесті
9 Ақпан, 18:31
Астанада ҚХА Журналистер клубының конституциялық реформаны қолдауға арналған отырысы өтті
4 Ақпан, 18:08
Астана қаласындағы Достық үйінде этномәдени бірлестіктер активімен Конституциялық реформаны талқылауға арналған кездесу өтті