06 Қазан, 2017
940
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ІС-ШАРАЛАРЫ
6 қазанда Шымкент қаласында ҚХА Төрағасының орынбасары – ҚХА Хатшылық меңгерушісі Д.Қ.Мыңбай және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Қ.Түймебаевтың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық іс-шаралары болып өтті.
Алдымен, Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университетінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруындағы Аналар кеңесінің рөлі» атты ҚХА республикалық Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өз жұмысын бастады.
Отырыс шеңберінде қазақ халқының рухани мәдениеті негізінде жастарды тәрбиелеу, еліміздің халықаралық имиджін қалыптастырудағы «Қазіргі заманғы Қазақстандағы мәдениет» жобасының әлеуеті, Кәсіби техникалық білім беру жүйесінде Рухани жаңғыру бағдарламасын іске асыру тетіктері, ОҚО-ның Аналар кеңесінің тәжірибесі және т.б. сұрақтар қаралды.
Кеңес барысында педагогикалық ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Гуманитарлық ғылымдары академиясының Академигі А.А. Қалыбекова қазақ халқының рухани мәдениеті негізінде қыз баллардың патриоттық тәрбиесі жөнінде сөз сөйледі.
ҚХА республикалық Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысының нәтижелері қортындыланып, Қазақстан халқы Ассамблеясы қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Достық үйінде «Қоғамды жаңғыртудағы медиацияның рөлі» атты республикалық диспут-форум болып өтті.
Республикалық форумға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Б.Ж.Әбдірайым, ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма төрағасы А.И.Мырзахметов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР Жоғарғы Сотының судьялары, ҚР Бас прокуратурасының, ҚР Білім және ғылым министрлінің өкілдері және ҚХА жанындағы Медиация кеңесінің мүшелері, барлық облыстардағы медиация орталықтарының жетекшілері мен «Қоғамдық келісім» КММ-нің жанындағы медиация кабинеттерінің меңгерушілері қатысты.
ҚХА Төрағасының орынбасары – ҚХА Хатшылық меңгерушісі Дархан Мыңбай өзінің алғы сөзінде: «Болашағы біртұтас Елдің барлық мемлекеттік және азаматтық қоғам институттары қызметінің ең басты қағидаты – қоғамдық келісімді сақтау және нығайту.
Осы орайда, барлық тараптардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу арқылы бітімгершілікке қол жеткізуге бағытталған медиация институтының ел бірлігі мен қоғамдық келісімді дамытудағы рөлі зор.
Сондықтан да, Мемлекет басшысының Жарлығымен қабылданған Қазақстан халқы Ассамблеясының 2025 жылға дейінгі даму тұжырымдамасына сәйкес елдегі медиация институттарын дамыту Ассамблеяның жаңа бағыттарының бірі болып белгіленді.
Қазақстан халқы Ассамблеясы мүдделі мемлекеттік органдардың, азаматтық қоғам институттарының, сарапшылардың және кәсіби медиаторлардың қатысуымен медиация институтын дамыту бойынша іс-шараларды іске асыруда.
Осы бағыттағы жұмыстарды үйлестіру үшін құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясының Медиация кеңесі еліміздегі медиация институтын дамыту мәселелерін талқылау бойынша іргелі диалог алаңына айналды.
Ассамблеяның Медиация кеңесі ұйымдастырып отырған бүгінгі жиында отандық және шетелдік тәжірибе зерделеніп, медиация саласындағы заңнаманы жетілдіру, дауларды сотқа дейін реттеуді
медиация тәртібінде жүзеге асыруды кеңейту мәселелері талқыланатын болады» деді.
Форум барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының Медиация кеңесі мен Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің және ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Меморандумға қол қою рәсімі өтті.
Сондай-ақ, Шығыс Медиация саласындағы заңнаманың жай-күйі және перспективалары, Сот төрелігі саласындағы медиация туралы және т.б тақырыптар қозғалып, Қазақстан облысындағы медиация кабинетінің онлайн режимдегі қызметінің пилоттық жобасын іске асыру жөнінде таныстырылым көрсетілді.
Дата события ассамблеи: 06.10.2017
Ұқсас жаңалықтар
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
9 Шілде, 18:16
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
11 Шілде, 20:09
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
9 Шілде, 13:10
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
9 Шілде, 17:11
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
10 Шілде, 16:32