Қазақстан халқы Ассамблеясы

05 Тамыз, 2016

1123

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Медиация күні

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Медиация күні» республикалық акциясы аясында облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ медиация кабинеті ашық есік күнін өткізді.

Ашық есік күніне сот қызметкерлері, отставкадағы судьялар, медиация орталықтарының басшылары, мемлекеттік мекемелер қызметкерлері, облыстық этномәдени бірлестіктердің төрағалары, қоғамдық келісім кеңесінің төрағалары мен орынбасарлары қатысты.

Іс-шараның басты мақсаты өңірімізде медиация қызметі саласын дамытудың мақсаттары мен міндеттерін түсіндіру, медиация институтын шиеленістерді және дауларды шешудің әдісі ретінде насихттау, медиаторлардың жергілікті мемлекеттік органдармен, сондай-ақ, азаматтық институттармен өзара іс-әрекеттерінің дамуына қолдау көрсету, тұрғындарды облыстағы медиация орталықтарының және Қазақстан халқы Ассамблеясы медиация кабинеттерінің жұмыстарынан хабардар ету.

Акция аясында судьялар мен кәсіби медиаторлар қоғамдық қабылдау өткізіп, тұрғындарға құқықтық кеңес берді.

Бүгінгі таңда, облыс әкімдігі жанынан және облыстың барлық аудандық, қалалалық, ауылдық әкімдіктерінің жанынан барлығы 106 медиация кабинеті ашылған.

Аудандық және оған теңестірілген соттар ұсынған статистикалық мәліметтерге сәйкес, үстіміздегі жылдың бірінші жарты жылдығында 770 азаматтық істе татуластыру рәсімдері қолданылған.

Кейін қарай