01 Қазан, 2015
3150
«Оңтүстік – достық мекені» кездесулер керуені жүргізілуде
2015 жылғы 21 қыркүйектен бастап Оңтүстік өңірінде облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-і, «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен «Оңтүстік – достық мекені» кездесулер керуені жүргізілуде.

Этносаралық келісімді, өзара ынтымақтастық пен татулықты ту еткен ақпараттық-насихаттық топтары түрлі этнос өкілдерінен, «Жас Отан» жастар қанатының, жастар қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерінен құралған.
Алғашқы топтың бағыты Қазығұрт, Шардара, Мақтарал, Сарыағаш, Төлеби, Сайрам, Түлкібас аудандары болса, екінші бағыттағы топ Ордабасы, Отырар, Созақ, Бәйдібек аудандары мен Арыс, Түркістан, Кентау, Шымкент қалаларында жұмыс жүргізуде.
Жобаның негізігі мақсаты – жергілікті жерлердегі көп этносты ауыл жастарына Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың халыққа арнаған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол!» Жолдауын және 5 институционалды реформасын жүзеге асыруда белгіленген «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының «Біртектілік пен бірлік» ІV реформасын түсіндіріп, оларды ашық әңгіме алаңына тарту, пікірлер алмасу.
Кездесулер барысында сөз алған М.Әуезов атындағы университеттің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент Ғ.Маймақов «Қазақстан халқы Ассамблеясы аясында өтіп жатқан іс-шаралар бұл біздің этносаралық саясатты жүргізудегі елеулі дүниелер болуымен бірге, баршамызды бір ел, бір тағдыр, бір мүддеге тоғыстырған, һәм арналы даңғылға салған толағай табысымыз болып отыр» деп атап көрсетті.
Ал, өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы И.Хашимжанов «Біз бәріміз қазақстандықтармыз, ал негізгі мемлекет құраушы ұлт – қазақтар, осы қазақ халқының маңына топтасу арқылы «Мәңгілік Елдің» мұраттарын еңсеруіміз керек, ол үшін бізге ең алдымен ішкі тұрақтылық пен қоғамдық келісім қажет, сонда ғана тәуелсіз Қазақстанымыздың бірлігін ыдыратпастан, іргесін мықтылай түсетініміз анық» деп баса айтты.
Ұлтаралық татулықты, өңірдегі түрлі этнос жастарының тыныс-тіршілігімен танысуды көздеген бұл кездесулер арнайы кестеге сәйкес, қазан айында жалғасатын болады.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
КОСШЫ ҚАЛАСЫНДА «ОТБАСЫ – МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМ ӨТТІ
-
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ӨҢІРЛІК КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
-
ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ҚХА ДОСТЫҚ ЕЛШІСІ АКБАР АСАДУЛЛОНЫ МАРАПАТТАДЫ
25 Шілде, 21:04
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
30 Шілде, 15:10