Қазақстан халқы Ассамблеясы

12 Қазан, 2015

1021

Оңтүстікте патриоттық ән байқауы өтті

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай Оңтүстік Қазақстан облысының опера және балет театрында патриоттық ән байқауы өтті.

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай Оңтүстік Қазақстан облысының опера және балет театрында патриоттық ән байқауы өтті.

Аталмыш іс-шараға этномәдени бірлестіктер мен олардың аудан, қалалардағы филиалдары ұсынған үміткерлер қатысып, өзара бақ сынасты.

Байқау мақсаты оңтүстік өңірінде тұратын түрлі этнос өкілдерінің бірлігі мен достығын нығайту, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру.

Үміткерлер әншілер патриоттық бағыттағы қазақстандық ақындар мен композиторлардың шығармаларын орындады.

Дауыс ырғағы мен талантқа жіті көңіл бөлген қазылар алқасы байқау қорытындысы бойынша III орынға Р.Ходжиевті (тәжік этномәдени бірлестігі), Ш.Ходиметовты (өзбек этномәдени бірлестігі) және О.Хоменконы (неміс этномәдени бірлестігі) лайық деп тапты. II орынды Б.Сейітбеков пен А.Байтемирова (қарақалпақ этномәдени бірлестігі) иеленді. I орынды Бәйдібек ауданынан қатысқан К.Қасенов алса, кәсіби мамандардан құралған қазылар алқасының ортақ шешімімен М.Заббарханов (өзбек этномәдени бірлестігі) Бас жүлдені жеңіп алды.

«Дала дауысы», «Көрермен көзайымы», «Ең үздік әртістік қабілет», «Ең үздік жас әнші» номинациялары лайықты төрт үміткерге табысталып, қалған 14 қатысушы алғыс хаттармен марапатталды.

 

Кейін қарай