26 Қыркүйек, 2015
1122
Оңтүстіктегі өзбек этномәдени бірлестігінің құрылғанына 25 жыл
Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына және Оңтүстіктегі өзбек этномәдени бірлестігінің құрылғанына 25 жыл толуына орай 2015 жылғы 26 қыркүйек күні облыстық өзбек этномәдени бірлестігі мен облыс әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен «Өзбек этносының тілі, мәдениеті, дәстүрлері күні» және «Алтын күз» мерекесі өткізілді.

Шымкент қаласындағы Абай саябағында өткен іс-шараның тұсаукесері А.Құнанбаевтың ескерткішіне тағзым жасап, гүл шоқтарын қоюдан басталды. Облыстық ассамблея хатшылығы мен көршілес Өзбекстан Республикасынан шақырылған қонақтар салтанатты іс-шараға жиылған көпшілікке жылы лебіздерін білдірді.
Ұлтаралық және конфессияаралық келісім – бұл баға жетпес асылымыз, біздің бауырлас елдердің басты байлығы, - деп атап көрсетті Өзбекстан Республикасындағы қазақ мәдени орталығының төрағасы С. Усенов. – Өзбекстанда миллионға жуық қазақтар тұрады. Біз жас ұрпақтың өз дәстүрін, тілін ұмытпауы үшін жұмыс істейміз, оларды достық пен келісімде өмір сүруге үйретеміз.
Мерекелік іс-шарада Өзбекстаннан келген әнші З. Байхонова мен скрипкашы А. Исмаилов өз өнерлерімен көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.
Оңтүстік өңіріндегі өндірістік кооперативтер мен мектеп ұжымдары дайындаған көрмеге ауыл шаруашылығы өнімдері мен қолөнер туындылары және ұлттық тағамдар қойылды. Сонымен қатар, жылдағы дәстүр бойынша көпшілік үшін арнайы қазандарда палау дайындалып, қатысушыларға тегін таратылды.
Іс-шара барысында облыстық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы И.Хашимжанов арнайы сөз сөйлеп, қоғамдық өмірге белсенді араласушы бірқатар азаматтарды Алғыс хаттармен марапаттады.
Іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасты.
Ұқсас жаңалықтар
-
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
28 Тамыз, 19:29
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
29 Тамыз, 19:37
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті