31 Қаңтар, 2018
1028
Оқушы жастар арасында ұлтаралық келісімді қалыптастыру
Бүгінгі таңда мемлекет жастарға ерекше көңіл бөледі. Оған объективті себептер бар, жастар –білім беру жүйесін, жұмыс орындарын, сондай-ақ жастар қоғамдық ұйымдарын қамтитын халықтың белсенді бөлігі екені сөзсіз.
Ақпараттық-насихаттау жұмысы аясында «Петропавл қаласы ішкі саясат бөлімінің жастар ресурстық орталығы» КММ жастармен жұмыс жөніндегі нұсқаушы Эльмира Танакулова, облыстық мәслихат депутаты Екатерина Старостина, «Радзіма» Солтүстік Қазақстан облыстық белорус мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Мария Татаренко «Петропавл темір жол көлігі колледжінің» студенттерімен «Оқушы жастар арасында ұлтаралық келісімді қалыптастыру» тақырыбында кездесу өткізді.
Алғы сөзді колледж директоры Михаил Леонидович Шатковский бастады, ол тақырыптың өзектілігі мен аталған ақпараттық-түсіндіру іс-шараларының маңыздылығы үшін сөз сөйлеушілерге алғыс білдірді.
Эльмира Танакулова студенттерге деструктивті діни ағымдар және олардың қоғамдағы жағдайға кері әсері жайында айтты.
Екатерина Старостина өз сөзінде «Жастар ресурстық орталығы» қызметінің негізгі бағыттарын айқындап, қазіргі жастардың белсенділігі мен келешегін, өз-өздерін дамытуға және жетілдіруге деген талпынысын атап өтті.
Белорус орталығының төрайымы Мария Татаренко, этномәдени бірлестіктің қызметімен қоса, Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының және «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысына тоқталды. Қызметтің барлық бағыттарын аша отыра, Мария Петровна өңірдегі қайырымдылық мәдениетті дәріптеуге ерекше назар аударды. Шыны керек, облыстағы ҚХА-ның ең маңызды міндеттерінің бірі – ешқандай ұқсастығы жоқ, өздігінен бірегей және ауқымды іс-шараларды өткізу арқылы қайырымдылық пен меценаттықты дамытуға жәрдемдесу. Осындай іс-шаралардың бірі – Қайырымдылық балы, оның арқасында ауыр науқас балалардың қымбат тұратын емін төлеу үшін ақшалай қаражат жиналады. Сонымен бірге жастар жыл сайын «Қоғамдық бастама» конкурсы аясында әлеуметтік жобаларды іске асырады.
Аталған іс-шаралардың аса маңыздылығын, жоғары нысаналы бағытын ескере отыра, жастар әлеуметтік жағынан маңызды барлық жобалар мен қоғамдық бастамалардың стейкхолдерлеріне айналып, жыл санап оларды іске асыруға белсене қатысуда.
Дата события ассамблеи: 31.01.2018
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Ассамблея жастары» төрағасы Т. Джумурбаевпен кездесті
-
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
-
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
вчера, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
25 Тамыз, 18:49
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
25 Тамыз, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті