Қазақстан халқы Ассамблеясы

12 Мамыр, 2016

1831

ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ШЫҒАРМА БАЙҚАУЫ ӨТТІ

    Байқоңыр қаласында білім беру мекемелерінің жоғарғы сынып оқушылары арасында Ұлы Отан соғысының 71 жылдығына орай «Біз - жеңімпаз бабалардың ұрпағымыз» тақырыбында мақалалар байқауы өтті.
    Байқауға барлығы 17 оқушы қатысты. Шығарма жазуға 45 минут уақыт берілді. Нәтижесінде жүлделі І орынды №277 орта мектептің 10 «А» сынып оқушысы Айман Әбдірахманова иеленді. ІІ орын №274 орта мектептің 8 «В» сынып оқушысы Зарина Нәлібаева және №275 орта мектептің 8 «Б» сынып оқушысы Ақтоты Сражановаға бұйырды. Ал ІІІ орынды №269 орта мектептің 10 «А» сынып оқушысы Алтынай Төретаева және №274 орта мектептің 8 «Б» сынып оқушысы Гаухар Қырықбайқызы қанағат тұтты.

    Ал «Үздік ақын» номинациясында №80 гимназияның 9-сынып оқушысы Назерке Жүндібаева марапатталды. «Үздік қаламгер» номициясында Дана Жалғасбек марапатталды. «Үздік журналист» номинациясында №277 орта мектептің 8 «Ә» сынып оқушысы Лаура Жұмакенова марапатталды. Қатысқан оқушыларға алғыс хаттар табыс етілді.

Іс-шараны Қызылорда облыстық ассамблея хатшылығының қолдауымен және «Қоғамдық келісім» КММ, «Нұр Отан» партиясы Байқоңыр филиалының, «Жастар ресурстық орталығы» Байқоңыр қалалық бөлімінің ұйымдастыруымен  білім беру мекемелері ұйымдастырды.

   

 

Кейін қарай