Қазақстан халқы Ассамблеясы

09 Наурыз, 2016

973

ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДАҒЫ КОНКУРС

Биыл бірінші рет тойланып отырған Алғыс айту күніне орай, қаладағы мектептер арасында «Мен алғыс айтамын!» тақырыбында эссе жазудан конкурс өткен болатын. Байқауды Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы хатшылығы мен «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастырды.

Конкурс нәтижесі бойынша Қызылорда қаласының мектептерінен 22 оқушы жеңіп шықты. Ең алдымен оқушыларды жақында пайдалануға берілген Достық үйінің ішімен таныстырып, жаңа мұражайдағы түрлі ұлттардың киімдері мен музыкалық аспаптарды, көне жәдігерлерді аралады.
Қызылорда облысы әкімі аппаратынның «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Рахима Ахметова оқушыларды жеңісімен құттықтап, жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтар табыстады. 

   

   

Кейін қарай