10 Сәуір, 2018
844
Оқушылар Ассамблеяның жұмысымен танысты
10 сәуір күні Достық үйінде Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының қолдауымен «Махмұт Қашқари» атындағы ұйғыр этномәдени бірлестігі Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Қазақстан – біздің өміріміз және тағдырымыз» атты мерелік іс-шара өткізді.
Аталған іс-шара сонымен қатар, облысымыздағы ұйғыр этномәдени бірлестігінің құрылғанына 25 жыл толуына байланысты аталып отыр.
Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған іс-шараға № 34 мектебінің мұғалімдері мен оқушылары, «Ақ желкен» жастар лигасының мүшелері және БАҚ өкілдері шақырылды.
Елімізде 130-ға жуық этнос болса, соның 76-сы Жамбыл облысында тұрады. Олардың барлығы 26 этномәдени бірлестікте бас қосып, Қазақстандағы бірлік пен татулықтың ерен үлгісін көрсетуде. Ынтымаққа негізделген ассамблеяның жұмысы жастарға үлгі. Осы мақсатта бүгін Достық үйінде ұйғыр этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен ашық есік күні өткізілді.
Ашық есік күнінде №34 орта мектептің оқушылары Достық үйінің жұмысымен танысты. Үш қабаттан тұратын заманауи ғимарат Қазақтың киелі киіз үйі іспеттес жасалынған. Мұнда Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің жеке жұмыс бөлмелері, мәжіліс залдары бар.
ҰЭМБ төрайымы Тұрдыева Мухаббаттың айтуынша:
«Республика бойынша 250 мыңдай ұйғыр болса, соның 3 мыңы Жамбыл облысында тұрады . Олардың барлығы Махмұт Қашқари атындағы ұйғыр этномәдени бірлестігінде мүше. Биыл осы бірлестіктің құрылғанына 25 жыл болды.
Жамбыл облысында тұратын ұйғыр халқы музыкамен, қолөнермен және тілдерін дамытумен айналысады. Бұның барлығы Елбасының дана саясатының арқасы деп білеміз. Айта кетерлігі, атқарылған іс-шара ағайынды халықтардың достығы мен бірлігін бекітіп, серіктестікті кеңейту мақсатында ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында балаларға Қазақстан халқының 25 жылда жеткен жетістіктері мен оған этномәдени орталықтардың қосқан үлесі айтылды. Сонымен бірге, ұйғырлардың ұлттық салт-дәстүрлері мен музыкалық аспаптары таныстырылды. Этносаралық достастықты бейнелейтін арнайы әзірленген бейнероликтің мазмұны терең болды.
Ұқсас жаңалықтар
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
26 Тамыз, 17:00
«Мектепке жол»: мың баланың қуанышы
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды