23 Қыркүйек, 2015
734
Оқушылар Қазақстан халқы Ассамблеясы жұмысымен танысты
Облыс орталығындағы Достық үйінде этномәдени бірлестіктердің өкілдері Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушыларымен кездесті. Ақмола облысы бойынша түрлі ұлттар мен ұлыстарды ұйыстырып отырған этно-мәдени бірлестік басшыларымен кездесуге 9 сынып оқушылары қатысты.

Аталмыш іс-шараға ҚХА мүшелері, «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, этномәдени бірлестіктердің мүшелері, Назарбаев зияткерлік мектебінің ұстаздар қауымы, оқушылар мен БАҚ өкілдері қатысты.
Кездесу барысында оқушылар алдымен Достық үйіндегі этномәдени бірлестіктердің қызметімен танысып, әр этнос тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрінен сыр шертетін жәдігерлерін тамашалады. Сонымен қатар Достық үйінің мәжіліс залында өткен дөңгелек үстелге қатысып, «Көп ұлтты Қазақстандағы толеранттылық, ел бірлігі және мемлекеттік тіл» тақырыбында әңгіме қозғалды.
Облыстық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Киіков жас өрендерге қазақ тілінің бүгіні мен болашағы тақырыбында дәріс оқыды. Аға буынның оқушыларға қауымына қойылған сауалдарға жас өрендер қазақша жауап берді. Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Ангелина Шубина жаңалықтарды тек қазақ тілінде тыңдайтындығын айтып, үйінде қазақ тілді арналар ғана қосулы екендігін жеткізді. Оқушылар қазақша кітаптарды оқып, қазақ тілде ән орындайтын әртістер шығармашылығына қызығушылық білдіретінін айтты.
Аталмыш оқу ордасына шет елдік оқушылармен алмасу оқу бағдарламасы бар. Солардың бірі Германия мемлекетінің Люнебург қаласынан 3 айға келген Сафи Кирпа: «Маған Еуропаның басқа қалаларын таңдауға мүмкіндік болды. Бірақ мен Қазақстанды таңдадым, себебі менің ата –анамның Отаны Көкшетау. Осы жерде менің туыстарым тұрады. Мен Қазақстанның көпұлтты мемлекет екендігін мақтан тұтамын, себебі ол менің түп -тамырым, Отаным деуге де болады. Біз шет елде тұрып жатсақ та өз туған жерімізді ұмытпаймыз, үнемі Қазақстанда болып жатқан жаңалықтарды біліп отырамыз» деп ағынан жарылды.
Бүгінде Назарбаев Зияткерлік мектебінде 20 астам шет елдік ұстаз еңбек етуде. Олар Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысымен қызығады және қызметімен кеңірек танысқылары келетіндігін жеткізді. Ұстаздардың бірі Оңтүстік Африка елінен келген Миссис Суллин еліміздегі ұлтаралық келісім мен татулықты ту етіп отырған Елбасының жүргізіп отырған сындарлы саясатын құптайтындығын жеткізді. Миссис Суллин: «Түрлі ұлттардың бір елде тату -тәтті өмір сүріп , әр ұлттың өз тілі, діні мен салт-дәстүрін үйренуге, насихаттауға мүмкіндік болғаны қуантады», –деп өз ойын білдірді.
Оқушылармен кездесуге келген Ақмола облыстың шешен-ингуш мәдени бірлестігінің төрағасы Герихан Яндиев өз сөзінде «Біз бұл мектеппен мақтанамыз. Талабы таудай талантты оқушылар еліміздің болашағы, сондықтан сабақтарыңды жақса оқыңдар!»,- деп өз тілегін білдірді.
Кездесу соңында қатысушылар естелік суретке түсіп, мектеп ұстаздары мен оқушылары алдағы уақытта да осындай кездесулер жиі ұйымдастырылып тұрса екен деген жылы лебіздерін білдірді.
«Қоғамдық келісім» КММ
Баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті