18 Маусым, 2020
1075
«Қоңыр мінезді қазағымдай болу қайда» деген Ахико ақсақал өмірден озды
Ахико Тецуро Жапонияның Хокайдо елді мекенінде дүниеге келген. Оның отбасы тұрған аймақ Кеңес Одағының құрамына енген соң, сол жердің барлық тұрғындары теңіз асып көшуге мәжбүр болады. Жақындарынан көз жазып қалған Ахико Кеңес әскерінің қолына түсіп, жапон тыңшысы деп жалған жала жабылып, он жыл КарЛагта жазасын өтейді.
Абақтыдан 24 жасар жігіт болып босап шыққан оны қазақ анасы өз қамқорлығына алып, соның арқасында тірі қалады. 50 жыл өткен соң Ахико тарихи Отанына оралып, туған-туыстарымен кездеседі. Туыстары қанша айтса да көнбей, Қазақстанға қайтып оралады. Ақтық демі үзілгенше Қарағандының Ақтас қаласында тұрды.
«Жапония – менің отаным. Бірақ қайта барып тұрғанда үйрене алмадым. Адамдар өте жұмысбасты. Бір-бірімен біз сияқты жақын араласпайды, барлығы асығыс. Ақтастағыдай есіктің алдына шығып шемішке шағып, әңгіме-дүкен құру деген атымен жоқ. Мен түсінгеніммен, әйелім Елена тіл түсінбейді, бәрібір тосырқадым, содан кейін бұлай болмайды екен деп, Ақтасқа қайта оралдық. Қоңыр мінезді қазағымдай болу қайда» деген екен жарықтық.
Ахико Тецура жайлы «Ақтасын сағынған Ахико» атты шығарма да жазылып, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында да сахналанған болатын. Кейіпкер қойылымды көргенде ерекше толқыған еді. Ахико ақсақал Жапонияға тоғыз рет барыпты. Алайда, біржола қалып қоймай Қазақстанға оралып отырған. Ахико ақсақалдың дүниеден өтуіне орай, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев, Қарағанды облысы Ассамблеясының өкілдері оның жақындарына көңіл айтып, жеделхаттар жолдады.
Ұқсас жаңалықтар
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Алматы қаласы
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
20 Тамыз, 18:23
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті