Қазақстан халқы Ассамблеясы

29 Сәуір, 2016

1072

Облыс әкімдігі мен облыстық сот арасындағы меморандум

                «Бес институционалдық реформаны жүзеге асырудың 100 нақты қадамы» – Ұлт жоспарын  және ҚР Президентінің берген тапсырмаларын орындау мақсатында өңір басшысы Алтай Көлгінов пен облыстық соттың төрағасы Бек Әметовтың Меморандумға қол қоюы Достық үйінде дөңгелек үстел аясында  жүзеге асты.

                Облыс әкімі Алтай Сейдірұлы Көлгінов атап өткеніндей, меморандум дауларды сотқа дейінгі реттеу мен сотта бітімгершілік рәсімдері институтын енгізу, қоғамдағы жанжалдарлың деңгейін төмендетуге жағдай жасау, сондай ақ қолайлы құқықтық орта құру босйынша өзара әрекетті арттыруға себеп болады.

                Екі жақ өз құзыреті шегінде тұрғындар арасында дауларды шешудің баламалы тәсілдері - бітімгершілік рәсімдерді қолдану туралы, медиация кабинеттерін ашу, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу мәселелері бойынша ынтымақтастықты жүзеге асыруға келісті

Меморандумға қол қойылғаннан кейін ҚР Жоғарғы соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ілияс Испановтың қатысуымен дөңгелек үстел отырысы болып, онда өңір судьялары, құқық қорғау органдары мен адвокатура өкілдері тараптарды бітістіріп, ортақ мәмілеге келтіру секілді көкейкесті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

                «100 қадам»  Ұлт жоспарына, соның ішінде «Бірегейлік пен бірлік» 4- реформаны жүзеге асыруда Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан қоғамдық келісім мен бірлік мәселелерін шешу үшін медиациялық бағытта жұмыс істейтін және дау-жанжалдарды шешуде медиацияның рәсімдерін қолданатын құрылым құру істері жандана түсуде. Республикада Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан медиация орталығы құрылды, оның қызметін ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ үйлестіреді. Медиация орталықтары мен медиаторларды оқытатын мектептер құру «Үлкен ел -Үлкен отбасы» жобасы мақсатының бірі және оны орындау үшін бүгінгі күні аймақтарда  медиация орталықтары ашылуда

                Біздің облысымызда 4 ақпан күні Достық үйінде барлық қажетті құралдармен қамтылған және сенім телефоны қондырылған медиация кабинеті ашылды  

Облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің штатына облыстық Ассамблея жанындағы медиация орталығыынң жұмысын үйлестіретін медиатор маманды алу үшін  2 бірлік қосу мәселесі шешілді.

                Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің сараптамалық-талдау бөлімінің басшысы Асия Жумина сөз сөйлеп, ҚХА жанынан медиация орталықтарын ашудың бас мақсаты – бұл ықтимал жанжалдардыңсебептерін зерттеу, қоғамдық және этносаралық қарым-қатынастар саласындағы даулардың алдын алу екендігіне назар аударды.

                «Біздің Медиация орталығының міндеті ескертпе шаралар болып табылады. Біздің ойымызша, ҚХА-ның қоғамдық құрылымдары бас медиаторлар болып әрекет етушілер», - деп атап өтті Асия Жумина.

                Қазақстан халқы Ассамблеясы үшін – бұл жаңа тақырып емес екенін атап өту қажет. Қазақстан халқы Ассамблеясы бүгінгі күні Қазақстанда қоғамдық және этносаралық қатынастар саласындағы бірден-бір институт, медиаторлықтың негізгі функцияларын нақты орындаушы бас модератор орган болып саналады. 

 

 

 

 

Толқын Нұрқуатова

БҚО әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ  баспасөз хатшысы 

Кейін қарай