02 Наурыз, 2016
2447
Облыс әкімі Алғыс айту күнімен құттықтады
Көкшетау қаласының Достық үйінде Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин Алғыс айту күніне арналған салтанатты жиын өткізді. Облыс әкімін этномәдени бірлестіктер төрағалары мен Аналар кеңесінің мүшелері шашу шашып қарсы алып, қуаныштарын білдірді. Құттықтау сөзін алған облыс әкімі Сергей Кулагин «Бұл мереке алғаш рет елімізде аталып өтіп жатыр. Еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен тұспа тұс келген Алғыс айту күні барлығымызға құтты болсын. 1 наурыз күні Қазақстан халқы ассамблеясының құрылған күні болып есептеледі. Құрметті жерлестер, Сіздерді мерекемен құттықтай отыра, зор денсаулық, бірлік пен береке тілеймін»,- деді ол.
Сонымен қатар облыс әкімі көпбалалы аналарды «Алтын алқа» және «Күміс алқа» медальдарымен марапаттап, сыйлықтар табыстады.
Салтанатты жиында сөз алған Атбасар ауданының «Зама» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің өкілі Евлоев Бекхан Тарханұлы: «Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында қуғындалып келген бір жарым миллион адамға пана болды. Бүгінде қазақ жерінде 100-ден астам ұлт өкілі тұрып жатыр. Олардың барлығы туған жерінен қазақ еліне депортацияланған халықтар. Қазақ халқының қайырымдылығының, қонақжайлығының арқасында бүгінде біз өз Отанымызды тауып, өмір сүріп, білім алып, еңбек етіп келеміз»,- деді.
Сонымен қатар бұл күні қазақ халқына деген ризашылығы мен алғысын неміс этномәдени бірлестігінің төрайымы Светлана Корнеева мен кәріс этномәдени бірлестігінің төрайымы Людмила Лим де білдіріп, жиналғандар алдында сөз сөйледі.
Сонымен қатар дәл осы мерекеде, көктемнің алғашқы күні дүние есігін ашқан сәбидің әкесіне де құрмет көрсетіліп, «сүйінші» сұрап келген адамға тиісті сүйіншісі берілді.
«Бүгінде елді біріктіру жолындағы алғаш атап өтіліп отырған жаңа мерекенің болашағы зор болсын», - деп ақын, публицист Айдос Әбутәліпов ағамыз бата беріп, жиналған қауым халықтар достығына арналған әнді қосыла шырқап, тарқасты.
«Қоғамдық келісім»
КММ баспасөз орталығы
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты