
23 Қаңтар, 2017
670
Облыс әкімі Татарстаннан келген қонақтарды қабылдады
21-ші қаңтар күні облыс әкімшілігінде аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев Татарстан Республикасының астанасы – Қазан қаласынан облыстық татар этномәдени бірлестігінің 25 жылдығына арнайы келген қонақтарды қабылдады. Олар Дүниежүзілік татарлар конгресі атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары Данис Шакиров, Татарстан Республикасының халық әртісі Фердинанд Фатхи, Халықаралық конкурстар мен фестивальдердің лауреаты Сирина Зайнутдинова.
Облыс әкімі Қырымбек Елеуұлы «Қазақ пен татарлар ежелден бір-бірімен аралас, мәдениеті, салт-дәстүрі ортақ, тілі туыс түбі бір түркі халқы. Күні бүгінге дейін араластығы ажыраған жоқ. Экономикалық-рухани байлығы күннен күнге артып келеді. Бүгінде Сыр елінің білім қуған жастары Қазан қаласының жоғары оқу орындарында білім алып, ғылыми ізденістерін жетілдіруде», - дей келе, облыстағы татар этномәдени бірлестігінің 25 жылдық мерейтойымен құттықтап, бірлестіктің жеткен жетістіктеріне тоқтала кетті.
Мерекенің қарсаңында Татарстан Республикасынан келген қонақтар Сыр елін аралап, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің бас оқу ғимаратында орналасқан «Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан» оқу-көрме залымен танысты. Сондай-ақ, Қазан университетінде оқыған магистрантармен жүздесіп, пікір алмасты.
Одан кейін, Қазақстан-Қызылорда облыстық телеарнасының «Менің Қазақстаным» бағдарламасына сұқбат беріп, қаланың бірқатар көрікті жерлерін аралады.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Түркістан облысы
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Актөбе облысы
25 Шілде, 21:04
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Түркістан облысы
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Актөбе облысы