21 Желтоқсан, 2016
1153
Облыс әкімімен жылыжүзді кездесу
Облыста Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған іс-шаралар жалғасуда. 19 желтоқсан күні облыстық әкімшілікте облыс басшысы Қырымбек Көшербаевтың этнос өкілдерімен кездесуі болып өтті. Кездесуге облыстық ассамблея мүшелері, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері және БАҚ өкілдері қатысты.
Қ.Көшербаев жиылған қауымды Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесімен құттықтай келе, облыстық ассамблеяның тарихы мен жеткен жетістіктеріне тоқталды.
- Тәуелсіздік алған 25 жыл ішінде жүріп өткен жолдарымыздың барлығында баршамыз халықтың ауызбіршілігі мен саяси тұрақтылығын сақтауға аянбай еңбек еттік. Соның арқасында көпэтносты, көпконфессиялы халқымыз ауызбіршілігін сақтап, Елбасының айналасына топтасып, Мәңгілік ел – Қазақстанды құруға үлкен үлес қосты.
«Мәңгілік ел» патриоттық актісі халқымыз ғасырлар бойы қалыптастырған басты құндылықтар, мемлекеттің, қоғамның және жеке азаматтардың Тәуелсіз Қазақстанды дамыту, оны өркендету жолындағы өзара жауапкершілігін нақтылап берді. Еліміз осынау ширек ғасырлық кезеңде үлкен табыстарға жетті. Сол жетістік жолында кездескен көптеген сынақтарға лайықты шыдамдылық пен төзімділік таныта білді, - деп, Алашқа ана, талайға пана болған қасиетті Сыр елінің Тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктеріне кеңінен тоқталды.
Еліміздің бар жетістігі, соның ішінде Қызылорда облысының табыстары Елбасы есімімен, Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясаты, сарқылмас күші және жасампаз еңбегімен тікелей байланысты екендігін атап өтті.
Жиын барысында облыс әкімі Қ.Көшербаев өңірде ынтымақ пен бірліктің сақталуына, облыстың өсіп-өркендеуіне зор үлес қосқан облыстық ассамблея хатшылығының басшылығын және этномәдени бірлестіктер жетекшілеріне алғыс білдіріп, еткен елеулі еңбектері үшін «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен марапаттады.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы