Қазақстан халқы Ассамблеясы

24 Желтоқсан, 2015

959

Облыс әкімінің гранты тапсырылды

2015 жылдын 24 желтоқсанында облыс әкімінің мәжіліс залында этномәдени бірлестіктердің жұмысын «Қоғамдық келісім» КММ, аймақтық ассамблея хатшылығының талдау, бағалау қортындысы және бірлестіктердің жылдық есебінің қортындысы бойынша этномәдени бірлестік төрағаларына облыс әкімінің грантын салтанатты жағдайда тапсыру рәсімі өтті. 

2015 жылдын 24 желтоқсанында облыс әкімінің мәжіліс залында этномәдени бірлестіктердің жұмысын «Қоғамдық келісім» КММ, аймақтық ассамблея хатшылығының талдау, бағалау қортындысы және бірлестіктердің жылдық есебінің қортындысы бойынша этномәдени бірлестік төрағаларына облыс әкімінің грантын салтанатты жағдайда тапсыру рәсімі өтті.

Іс-шараға облыс әкімшілігінің, ҚХА хатшылығының, «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Салтанатты іс-шараны облыс әкімі К.Көкрекбаев кіріспе сөзімен ашты.

Ол өз сөзінде өтпелі жыл еліміз үшін маңызды саяси оқиғаларға толы жыл, ҚХА 20 жылдығы, Ата Заңымыз бен Конституцияның 20 жылдығы,Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдық мерей тойы және ел Президентін сайлау жылы болғанына тоқталды. Ол ҚХА 20 жылдығына арналған «Елімнің тағдыры - менің тағдырым» тақырыбы аясында «Тараз-Арена» спорт кешенінде Елбасының қатысуымен өткен облыстық форумға және мәдени іс-шаралардың барлығына этномәдени бірлестік өкілдері үлкен жауапкершілікпен қатысқанын атап өтті. Алдымызда үлкен жауапкершілігі мол істер тұрғанын, қазақ халқы тарихи мәселелерді ұдайы ауызбіршіліктің, бірліктің арқасында бірлесіп шешіп отырғанын, алдағы уақытта да бірге жұмыстар жасайтынын айта келіп, этномәдени бірлестіктердің қоғамдық жұмыстарына  табыс тіледі.

Облыс әкімі К.Көкрекбаев 101 балдан 145 балға дейін алған - 8 грантты, 60-99 аралығында - 5 грантты, 30-59 аралығында – 5 грантты, 1-29 аралығында – 4 грантты этномәдени бірлестік жетекшілеріне салтанатты түрде тапсырды. 

Кездесу соңында этномәдени бірлестіктер басшылары атынан облыстық халық ассамблеясы төрағасының қоғамдық негіздегі орынбасары, «Жамбыл облысы бойынша М. Қашқари атындағы ұйғыр этномәдени бірлестігінің» басшысы М.Тұрдыева ризашылығын білдірді.

  

Кейін қарай