
16 Ақпан, 2016
1204
Облыс әкімінің жастармен кездесуі
Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев еңбекші жастармен кездесті. Жиын аясында қатысушылар Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру туралы мақаласының төңірегінде пікір алмасып, өз ойларын ортаға салды.
Кездесу барысында жастар облыс әкіміне өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, қажетті жауап та алды.
«Белсенді жастар өңіріміздің және еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосуда, оларды қолдау бізге міндет, - деді Алик Айдарбаев. - Қазіргі таңда жастар үшін барлық жағдай жасалған. Сондықтан алға жылжып, тек биіктерді бағындырыңыздар. Мен сіздерге тек сәттілік тілеймін».
«Жетістіктер де, сәтсіздіктер де – өз қолдарыңызда. Қазір жұрттың бәрі дағдарысты себеп етеді. Ал арамызда ешқандай қиындыққа мойынсұнбай, кедергілерді еңсеріп жұмыс істеп жатқан жандар қаншама. Оларға ешқандай дағдырыс та әсер етпейді», - деді облыс әкімі.
Жиын аясында облыс әкімі этномәдени бірлестік жанынан құрылған «Жас қанат» жастарының шығармашыл өкілдері туралы: «Маған «Жас қанат» жастарының белсенділігі ұнайды. Әсіресе, жас әнші Ислам Музаевтың орындауындағы «Менің Қазақстаным» әнін атап айтқым келеді, мен оны сүйсініп тыңдаймын. Патриоттық әндер санатындағы бұл ән әрбір қазақстандықтың жүрегінен орын табатынына сенімдімін»,- деп жылы лебізін білдірді.
Іс-шара соңында жастар кездесуге келген әкімге өз рахметін айтып, естелікке суретке түсті.
МО ӘА «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Түркістан облысы
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
5 Тамыз, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Түркістан облысы