
26 Қазан, 2017
925
Облыста «Шаңырақ» шығармашылық конкурсы қорытындыланды
2017 жылдың 24 қазаны күні Достық үйінде этножурналистика саласындағы «Шаңырақ» шығармашылық конкурсы бойынша өңірлік деңгейдегі жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті.
Іс-шараға Атырау облысының этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы жетекші журналистер мен сарапшылар тобы, Атырау облысының басқарма басшылары, облыстық және аудандық газеттердің, «Қазақстан-Атырау» телеарнасының журналистері, «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.
Конкурстың міндеті мен мақсаты – этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді нығайту. Ел бірлігін дәріптей отырып, этносаралық қатынастар мен мәдениетаралық диалогтар саласындағы мемлекеттік саясат жетістіктерін көрсету, қазақ халқының және Қазақстанда тұратын этностардың мәдениеті мен салт-дәстүрлерін насихаттау, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және де отандық журналистиканың дамуына қолдау көрсету.
Конкурсқа барлығы 13 үміткерден ұсыныс түсті. Олар облыстық, аудандық қоғамдық саяси газеттер мен облыстық «Қазақстан Атырау» телеарнасының тілшілері мен фототілшілері.
Бекітілген талаптарға сәйкес, конкурс бірнеше номинация бойынша өткізілді. Мәселен, мемлекеттік тілдің рөлін арттыру, қазақстандық қоғамда этносаралық татулықты нығайту, қазақстандық этностардың мәдениеті мен салт-дәстүрлерін дамыту, этномәдени бірлестіктердің қызметін насихаттау бағытындағы үздік мақалалар мен баспа және электрондық басылымдарда этномәдени бірлестіктердің үздік суреттері анықталды.
Комиссия мүшелерінің сараптамасы негізінде жеңімпаз атанғандар:
І орын – Құрманғазы аудандық «Серпер» газетінің тілшісі Айнагүл Күнұзаққызы Шакупова;
ІІ орын - «Прикаспийская коммуна» газетінің тілшісі Ли Анжела Михайловна;
ІІІ орынға екі үміткер лайық деп табыылды. Олар: «Прикаспийская коммуна» газетінің тілшісі Қуанышева Марина және Индер аудандық «Дендер» газетінің бас редакторы Жанай Амантурлин.
Атырау облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ-нің арнайы ынталандыру жүлдесімен облыстық «Атырау» және «Прикаспийская коммуна» газеттерінің фототілшілері Ерлан Алтыбаев пен Әнуар Әбілғазиев марапатталды.
Жеңімпаз журналисттердің жұмыстары республикалық конкурсқа жолданды.
Қаламын қару еткен тілшілер қауымын құттықтау кезінде «АтырауАқпарат» ЖШС-нің директорының кеңесші-талдаушысы, жетекші журналистер мен сарапшылар клубының төрағасы Ө. Наукиев: «Біз әр жұмысты объективті түрде талдай отырып, әділ бағаладық. Мақалалардың барлығы өте әсерлі жазылған. Әр журналист өзіндік стилімен ерекшеленіп, оқырманға жол тапқан деп»,- журналистерге шығармашылық шабыт, жұмыстарына жеміс тіледі.
Ал, Атырау облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Т.Аман-Турлина бұл байқау алдағы уақытта да жалғасын табатындығын айтып, бірлесе жемісті еңбек етуге шақырды.
Іс-шара соңында Т.Ө.Аман-Турлина мен Құрманғазы аудандық «Серпер» газетінің тілшісі Айнагүл Күнұзаққызы бұқаралық ақпарат құралдарына, соның ішінде «Қазақстан-Атырау» телеарнасына сұхбат берді.
Дата события ассамблеи: 26.10.2017
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА шығармашылық ұжымдарының республикалық фестивалі өтті
-
«Folk & Art Performance» жастар шығармашылық жобасы өтті
-
Маңғыстау облысында ҚХА 30 жылдығы аясында шығармашылық ұжымдардың республикалық фестивалінің облыстық кезеңі өтті
-
ҚХА «Шаңырақ» республикалық шығармашылық байқауынының Комиссия мүшелерінің отырысы өтті
-
Атырауда «Этноблогер» шығармашылық байқауы өтті
-
«Шаңырақ» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында ҚР Тәуелсіздік күніне арналған қайырымдылық акциясы өтті.
15 Тамыз, 17:43
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
15 Тамыз, 18:34
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
20 Тамыз, 18:23
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА шығармашылық ұжымдарының республикалық фестивалі өтті
-
«Folk & Art Performance» жастар шығармашылық жобасы өтті
-
Маңғыстау облысында ҚХА 30 жылдығы аясында шығармашылық ұжымдардың республикалық фестивалінің облыстық кезеңі өтті
-
ҚХА «Шаңырақ» республикалық шығармашылық байқауынының Комиссия мүшелерінің отырысы өтті
-
Атырауда «Этноблогер» шығармашылық байқауы өтті
-
«Шаңырақ» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында ҚР Тәуелсіздік күніне арналған қайырымдылық акциясы өтті.