07 Қыркүйек, 2022
470
Облыстық Ассамблея Президенттің бастамаларын қолдады
А.ж. 6 қыркүйекте Ақмола облысында «Қоғамдық келісім» КММ Town Hall форматында ҚР Президентінің «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты жолдауы талқыланды.
Талқылауға ҚХА этномәдени бірлестіктерінің, қоғамдық құрылымдарының басшылары, ғылыми зиялы қауым өкілдері қатысты.
Модератор, «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Е.Б. Нұғманов өзінің кіріспе сөзінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған Президент Жолдауының негізгі ережелерін атап өтті. Содан кейін сөз Жолдаудың жекелеген бағыттары бойынша өз пікірін білдірген спикерлерге берілді.
Мәселен, тарих ғылымдарының кандидаты, ҚХА ғылыми-сараптама тобының төрағасы Марат Өтегенов және А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің проректоры Динара Абдулманова жоғары білім беруді дамытуға тоқталып, Мемлекет басшысының студент жастарды қолдау, оларға гранттар мен жеңілдетілген кредиттер бөлу жөніндегі бастамасын мақұлдады, Ақмола облысы поляктар бірлестігінің төрайымы Наталия Нагачевская Мемлекет басшысының болашақ ұрпаққа білім алу мен тұрғын үй сатып алуға Ұлттық қор кірістерінен қаражат бөлуге қатысты бастамасын қолдады, «Вайнах» шешен-ингуш қоғамының төрағасы Герихан Яндиев азаматтық секторды ҚХА этномәдени бірлестіктері мен қоғамдық құрылымдарын Президент реформаларын жүзеге асыруға белсенді қатысуға шақырды, Еуразиялық саясат институтының басшысы Максим Крамаренко реформалардың табысты жүзеге асырылуы мемлекеттің азаматтық қоғаммен тығыз өзара іс-қимылына байланысты екенін атап өтті.
Бұл жерде ҮЕҰ-дың мемлекетпен кері байланысы қажет, - деп атап өтті спикер.
Светлана Ким, ҚХАА журналистер клубының төрайымы өз сөзінде Президент реформаларын жүзеге асырудағы БАҚ рөлін атап өтті.
Жолдауды талқылау барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау, әділетті мемлекет құрудың негізі ретінде қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға тартылуы тақырыбын көтерді.
Кездесуге қатысушылар Президенттің барлық бастамаларын мақұлдап, облыстық Ассамблея мүшелерін қазақстандық қоғамды реформалау процесіне белсенді қатысуға шақырды. Іс-шараға ҚХА хатшылығының меңгерушісі Нариман Абдрахманов қатысты.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
-
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Ассамблея жастары» төрағасы Т. Джумурбаевпен кездесті
-
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
-
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
26 Тамыз, 17:00
«Мектепке жол»: мың баланың қуанышы
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды