04 Қаңтар, 2017
1109
Облыстық ауыл жастар форумы
Жаңа жыл қарсаңында Жамбыл облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы мен «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен Талас ауданына қарасты «Тау самалы» лагерінде облыстық ауыл жастарының форумы өтті.
Форумға Меркі, Жамбыл, Шу, Қордай, Байзақ және Т.Рысқұлов аудандарынан жастар көшбасшылары, сонымен қатар облыстық этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен «Ақ желкен» жастар лигасының мүшелері қатысты.
Форум жұмысының ашылу салтанатына қатысқан «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Камал Нарбатыров өз сөзінде: «Бұл жоба жастар орталықтарының белсенді түрде жұмыс істеуіне ықпал тигізуі тиіс. Біздің басты, әрі негізгі мақсатымыз - жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу және жасы үлкендерге көмектесу», - деді.
Жастарға арналған жоба жұмысы «Берік қара» шатқалына саяхат жасаудан басталды. Экскурсия барысында «Ақ желкен» жастар лигасы өз қызметін таныстыру мақсатында атқарылған жұмыстары жөнінде слайд пен видеороликтер көрсетті. Форум қатысушылары ән шырқап, түрлі музыкалық аспаптарда ойнап, қызықты әңгімелер айтып, Жаңа жылдық мерекелік кеш ұйымдастырды. Іс-шара би кешімен жалғасты.
Форумның екінші күнінде Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық топтың сарапшылары Альбина Тапаева мен Зарина Кулиева түрлі интеллектуалды сайыстар мен семинар-тренинг өткізді. Топтарға бөлінген қатысушылар барлық іс-шараларда белсенділік танытып, ұйымшыл екендіктерін көрсетті. Форум С.Мусалимовтың «Қазақстан» әнімен қорытындыланды.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
25 Шілде, 21:04
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
вчера, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады