
18 Маусым, 2018
990
Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы
Балалар мен жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивтік мінез-құлықтың алдын алу үшін ата-аналар мен балалар, мұғалімдер арасында өзара тығыз байланысты құру қажет.
Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысының қатысушылары осындай қорытынды ойға келді. Іс-шараның ұйымдастырушысы – "Қоғамдық келісім" КММ.
Бүгінгі күні Қостанай облысында балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицид проблемасы өте өзекті мәселе болып тұр. Сондықтан Аналар кеңесінің, оның мүшелері мен ата-аналар қоғамдастығының жұмысы өте маңызды болып табылады. Ата-аналар осы мәселеге ерекше көңіл бөліп, балалардың мінез-құлқын бақылау керек.
«Тәжірибе көрсеткендей, көптеген жағдайда ата-аналардың балалармен қарым-қатынастары жоқ, өз балаларының мінез-құлқы өзгергенін де байқамайды. Бізде бір оқиға болған, ата-ана балаға ноутбукта ойнауға тыйым салды, бірақ содан кейін баланың жағдайы қандай екеніне қараған жоқ, көңіл де аударған жоқ, ал сол бала жуынатын бөлмеге барып, өзіне-өзі қол жұмсады. Ата-аналар өз балаларының көңіл-күйін білгені, олардың өміріне қызығушылық танытқандары өте маңызды», – деп атап өтті Галина Ислямова, Қостанай облыстық психиатриялық ауруханасының психологиялық қызмет көрсету меңгерушісі.
Уақыттың көп бөлігін балалар мен жасөспірімдер мектепте өткізеді. Білім беру бөлімдеріне, мектептерге аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу сұрақтары өзекті мәселе. Мектептерде балалармен психологтар жұмыс істейтін, арнайы бағдарламалар жүзеге асырылады. Осы тақырыпты талқылай келе, отырысқа қатысушылар балалар мен ата-аналардың тығыз байланыста болуы үшін жұмыс жасау керек деген тұжырымға келді. Ал бүгін барлық ата-аналар мектептермен байланыс орналастыруға дайын емес.
«Биылғы жылы бізде аяқталған екі суицид оқиғасы тіркелді. Екеуі де қамтамасыз етілген отбасылардың балалары, себеп болған жауапсыз махаббат. Ата-аналары да балаларымен тығыз байланыста болмаған. Білім беру мекемелері жазғы уақытта балалардың бос уақытын өткізуді қамтамасыз етуге тырысады. Биыл мектептерде 33 мектеп алаңдары жұмыс істейді, қазақ және шетел тілдерін үйрету үшін "Мың бала" бағдарламасы жүзеге асырылуда, аула клубтары белсенді түрде жұмыс істейтін болады. Бірақ негізінен демалыспен және жұмыспен әлеуметтік қорғалмаған топтарға жататын балалар қамтамасыз етіледі», – дейді Марина Донскова, "Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі" ММ тәрбие ісі бөлімінің бастығы. .
«Білім беру мекемелерінің негізгі қамқорлығы аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға бағытталған. Ал аутодеструктивтік мінез-құлық соңғы кезде қамтамасыз етілген отбасының балаларынан байқалады, – деп атап өтті «Қостанай облысының кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Екатерина Смышляева, – Біз Аналар кеңесі ретінде мәселелерді шешу, бағыттау мақсатында, барлық балаларды қамту үшін бастамашылық таныта аламыз. Демалыс базаларының жетіспеушілігінен, көбінесе қамтылған отбасылардың балаларын жаз айларында жіберетін орындар жоқ. Олар өз-өздерімен қалады. Сондықтан Аналар кеңесі жанында ғылыми-әдістемелік топты құруды ұсынамын, өз тұрғысында бұл топ аутодеструктивтік мінез-құлық бойынша әдістемелік құралдар әзірлеп, мектептерде түсіндірме жұмыстарын жүргізуге, ата-аналар қоғамдастық жұмысына септігін тигізер еді».
Мектеп психологтары қатысқан отырыста, көбінесе аутодеструктивтік мінез-құлыққа қамтылған отбасынан шыққан жоғары сынып оқушылары бейім екені айтылды. Әлеуметтік қорғалған топтардың балалары қоғамда әрқашан бірдеңе үшін күреседі, олар дағдарыс жағдайларына дайын және ол жағдайлардан абыроймен шыға алады. Ал қамтылған отбасының балаларына дағдарыс жағдайлардан шығу қиындық туғызады. Олар үшін қалыпты жағдайды өзгерту керек, өмірге жаңа өзгеріс енгізу керек, қызығушылықтарын ояту керек.
Облыстық Достық Үйінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
20 Тамыз, 18:23
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті
вчера, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті