
20 Маусым, 2016
743
Облыстық ҚХА ХІХ сессиясы
2016 жылғы 17 маусымда Достық үйінде облыс әкімі, Қызылорда облыстық ҚХА төрағасы Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының кезекті ХІХ сессиясы болып өтті.
Сессия жұмысына облыстық ҚХА мүшелері, облыс, қала және аудандар әкімдерінің орынбасарлары, облыс әкімінің кеңесшілері, облыстық, қалалық мәслихат депутаттары, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен белсенді мүшелері, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің, ғылыми және шығармашылық зиялылар мен азаматтық қоғам институттары, бұқаралық ақпарат құралдары, жастар ұйымдары өкілдері қатысты.
Алқалы жиынды кіріспе сөзбен ашқан облыс әкімі Қырымбек Көшербаев ҚР Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІV сессиясында берген тапсырмалардан туындайтын міндеттерге тоқталып, облыстық ассамблея жалпымемлекеттік мәселелерді шешуге белсенділікпен қатысуы қажеттігін атап өтті.
- «Тәуелсіздік», «Бірлік», «Келісім», «Болашағы біртұтас ұлт» ұғымдары бір-бірімен тығыз байланысты, біздің елдік армандарымыз тоғысатын құндылықтар. Ол армандарымыз – Тәуелсіз Қазақстанның тұғырын нықтау, кең байтақ жерімізді көркейту, елдігімізді, бейбітшілігімізді сақтау, «Мәңгілік Ел» болу. Осы армандарды іске асыру жолында «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып», аянбай еңбек етсек, біз жетпейтін мұрат, біз аспайтын асу болмас!», - деді аймақ басшысы.
Қызылорда облысында Ассамблея жұмысын оның жаңа мәртебесіне сәйкес күшейту бағытындағы шаралар жүйелі түрде іске асуда. Қазіргі таңда облыс көлемінде 12 этномәдени және 5 ауданда этнобағытталған бірлестіктер белсенді қызмет атқаруда. Облыстық ассамблея жанында ғылыми-сарапшылық топ, Қоғамдық келісім кеңестері, Аналар кеңесі, Журналистер клубы жұмыс жасайды. Облыстық ассамблеяның бастамасымен мектептерде Толеранттылық клубтары құрылды.
Елбасының «Ұлт жоспары 100 нақты қадам» атты бес институционалдық реформасының 4-ші «Біртектілік пен бірлік» атты бағытын жүзеге асыру мақсатында іс-шаралардың желілік кестесіне сәйкес тиісті жұмыстар жасалып, 12 жоба іске асырылды. Достық үйі пайдалануға беріліп, облыста жұмыс жасайтын барлық этномәдени орталықтар мен ассамблеяның ортақ шаңырағына айналды.
Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен ел – үлкен отбасы» жалпыұлттық жобасын іске асыру және қайырымдылықты үйлестіру бойынша алғашқы тоқсанда 208 қайырымдылық шарасы өткізіліп, 32 343 886 теңгенің көмегі көрсетілді. Медиация, ағылшын және қазақ тілдерін тегін үйрететін кабинеттер ашылып, жұмыс жасауда.
Жиын барысында облыстық ассамблеяның ғылыми-сарапшылық топ мүшесі, саяси ғылымдарының кандидаты Сәулет Сахиев, «Қазатомөнеркәсібі» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамына қарасты «РУ-6» ЖШС-нің «Волковгеология» АҚ-ның филиалы №23 геологиялық барлау экспедициясының 1-разрядты бұрғылау шебері Виталий Колосов, облыстық медициналық орталықтың эндокринология бөлімшесінің меңгерушісі Елена Цхай, облыстық ассамблея мүшесі, III Интернационал ауылындағы «Достық жер МК» ЖШС-нің директоры Милияр Арифов, татар этномәдени бірлестігінің белсенді мүшесі, кәсіпкер Рамиль Магдиев, Қызылорда қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімі конголық Камс Камуабо сөз сөйледі. Олар елімізде орын алып жатқан соңғы өзгерістер төңірегінде және бейбітшілік пен келісімді нығайту қажеттілігі жайлы ой-пікірлерімен бөлісті. Мемлекет басшысының сарабдал саясаты мен жүргізіліп жатқан реформаларды қолдап, болашағы біртұтас ұлт қалыптастыру жолында аянбай еңбек етуге шақырды.
Қызылорда қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімі конголық Камс Камуабо өз пікірін қазақ тілінде жеткізіп, Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін нәшіне келтіріп орындап берді.
Облыстық ассамблеяның барша қазақстандықтарға Үндеуі жарияланды.
Сессия қорытындысы бойынша облыс басшысы Қырымбек Көшербаев барлық деңгейдегі әкімдерге, мемлекеттік құрылымдар басшыларына, облыстық ассамблея хатшылығына тиісті тапсырмалар беріп, бірқатар міндеттер жүктеді.
Облыстық ассамблея сессиясына 2 дүркін олимпиада, 4 дүркін әлем чемпионы, Сыр елінің ғана емес, барша қазақстандықтардың мақтанышы Илья Ильин қатысты. Облыс әкімі И.Ильинге қолдау білдіріп, Қазақстан халқы Ассамблеясының жоғары наградасы - қоғамдық «Бiрлiк» алтын медалімен марапаттады. Өз кезегінде И.Ильин Сыр жұртшылығына ризашылығын білдірді.
Ел бiрлiгiн нығайтуға, этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді қалыптастыруға қосқан елеулi үлесi үшiн кәріс этномәдени бірлестігінің ардагері, 90 жастағы Ге Хак Рим «Бірлік» медалімен, облыстық ассамблеяның Аналар кеңесінің мүшелері Р.Смаханова мен Р.Алхазова және Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІV сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың алдында елдің барлық аналарының атынан сөз сөйлеп, қайырымдылықты, рухани бірлікті нығайтуға белсенді үлес қосқан, «Жеті қазына» мектепке дейінгі білім беру орталығының тәрбиешісі Аягөз Талпақова ҚХА-ның Алғыс хатымен марапатталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Алматы қаласы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
25 Шілде, 21:04
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Алматы қаласы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Ұлттық домбыра күнімен құттықтады