17 Маусым, 2017
945
Облыстық ҚХА-ның кезектен тыс отырысы
2017 жылдың 16 маусымы күні «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында Ақтөбе облысы әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының кезектен тыс отырысы өтті. Отырыс жұмысына облыстық этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен белсенділері, ҚХА жанындағы қоғамдық келісім, отбасы толеранттылығы мәселелерімен айналысатын аналар және «Бірлік» ақсақалдар кеңесінің, ғылыми-сарапатамалық топтың және «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының өкілдері, «Қоғамдық келісім» медиация орталығының медиаторлары қатысты.
Отырыстың күн тәртібіне сәйкес облыс басшысы Бердібек Машбекұлы жаңадан тағайындалған Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылықтың меңгерушісі Барбосынов Нұрбақыт Құсайынұлын таныстырып өтті.
- Бүгінгі таңда Қазақстан халқы Ассамблеясының алдына үлкен міндеттер қойылған. Сондықтан этномәдени бірлестіктермен бірлесе отырып, сол жұмысты ҚХА хатшылығының меңгерушісі ұйымдастыруы қажет. Сізге осы жұмысыңызда сәттілік тілеймін,- деді Б.Сапарбаев.
Сонымен қатар, отырыста «Жаңғырудың негізі – тұрақтылық, бірлік, келісім» тақырыбымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХV сессиясының материялдарынан туындайтын міндеттер қарастырылды. Соның ішінде «Туған жер» бағдарламасына сәйкес этномәдени бірлестіктердің басшыларына облыстан, елден тыс тұратын белгілі жетістіктерге жеткен ақтөбеліктермен қарым-қатынасты түзетіп, туған қаласына шақыру қажет, жастармен кездестіру қажет екенін облыс басшысы атап айтты.
- Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес біз «Туған жер» бағдарламасына сәйкес жұмысымызды жандандыруымыз керек. Өңірде арнайы ұйымдастыру комитеті құрылды. «Ақтөбе жерлестерін шақырады!» атты сайт жұмыс істейді. Сіздер де сондай адамдарды қарастырып, сөйлесіп, Ақтөбеге шақыруларыңыз қажет. Олардың ішінде бизнес саласында, спортта, медицинада үлкен жетістіктерге жеткендері болса, өскелең ұрпақпен кездестіріп, туған жеріне өз үлестерін қосуына көмек беруіміз қажет, - деді.
Ассамблея активінің отырысында облыс басшысы этномәдени бірлестіктерге этноауыл саябағын ашу идеясын ойластыруды тапсырылды, саябақта қала тұрғындары мен қонақтары демалуға мүмкіндік беретін әр этностың ұлттық нақышындағы үйлері, музей, кітапханасы, ұлттық тағамдарын дайындайтын орындары болады.
Ұқсас жаңалықтар
-
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
-
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті
-
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
20 Тамыз, 18:23