
30 Наурыз, 2019
2556
Қолөнер шеберлік сыныбының қатысушыларына сертификат тапсырылды
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы Достық үйінде Қолөнер шығармашылығы орталығында өткен шеберлік сыныбының қатысушыларына сертификат тапсырылды.
Шеберлік сыныбы Орталықтың ашылу салтанатына орай ұйымдастырылып, оны елімізге белгілі этнодизайнер Ырза Тұрсынзада өткізді.
Үш күндік оқу үдерісіне Нұр-Сұлтан, Атырау, Шымкент аймақтарынан елу шақты қыз-келіншек қатысты. Бастапқыда шеберлік сыныбына қатысу үшін жеті жүздей адам ниет білдірген. Дәріс беру орнының шағын болуына сәйкес қатысушыларды бірнеше топқа бөліп оқыту ұйғарылып отыр. Алдағы уақытта мерзімі белгілі болады.
Сертификат беру рәсіміне Нұр-Сұлтан қаласының Қазақстан халқы ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Ләззат Құсайынова мен «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Нұралы Айдашев қатысып, шеберлік сыныбының тыңдаушыларына жүрекжарды лебіздерін білдірді.
Тағы бір айта кетерлігі, сертификат оқу үдерісінде іскерлігімен ерекшеленген он қатысушыға табысталды. Бұл «Алтын орда» авторлық дизайн үйінің негізін қалаушы Ырза Тұрсынзаданың талабы.
Этнодизайнердің айтуынша, қолөнер шығармашылығына оқытуда қатысушылардың талабы мен талантына үлкен мән беріледі. Өйткені ұлттық мұраның құндылығы қашанда жоғары болуы керек. Оны тек он саусағынан бал тамған шебер ғана түсініп, өзгелерді сендіре алады.
Сонымен қатар Ырза Тұрсынзада дәріс алған қыз-келіншектер білімдерін тұрмыста қолданып, халқымыздың қолөнеріне зор үлестерін қосатынына және кәсіптік тұрғыда тиімді пайдаланатынына сенім білдірді.
Естеріңізге сала кетейік, кеше Достық үйінде «Аналар аманаты» көрмесі өтіп, оған Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов қатысқан еді. Әкім шеберлік сыныбының үдерісін тамашалап, бес көпбалалы анаға тігін машинасын тарту етті.
Оқи отырыңыздар:
НҰР-СҰЛТАНДАҒЫ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ҚОЛӨНЕР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Нұргүл ШАТЕКОВА
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.
Дата события ассамблеи: 30.03.2019
Ұқсас жаңалықтар
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Ассамблея жастары» төрағасы Т. Джумурбаевпен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
-
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
28 Тамыз, 19:29
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
29 Тамыз, 19:37
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Ассамблея жастары» төрағасы Т. Джумурбаевпен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
-
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті