Қазақстан халқы Ассамблеясы

13 Мамыр, 2016

830

Ол соғыс жайлы жазды

Ұлы мереке – 9 мамыр, Кеңес халқының ҰОС Жеңісі күні қарсаңында Қазақстанның орыстар қауымының мүшесі, ақын Владимир Михайлович Тимошинның жаңа кітабын таныстыру рәсіміне шақырдық.  

Біз сәл қобалжыған Владимир Михайлович өзінің алғашқы «Музыка осени в сердце моём» кітабын ұсынған кезде, жуырда ғана кезіккен сияқты едік, мінеки, енді екінші кітабы дайын. Кітап Ұлы Отан соғысына арналған.

Кітаптағы өлең шумақтарымен таныспас бұрын оның авторын біле отырайық.

Сонымен, Владимир Михайлович Тимошин 1934 жылғы                17 қазанда дүние келді. Мұндай адамдарды «соғыс баласы» дейді. Өзінің кіріспе сөзінде былай жазады: «Не могу молчать я о том времени, когда мы, деревенские мальчишки, в то лихолетье вынесли на своих плечах тот тяжёлый быт и труд».

Ауыр жараланған әкесі Михаил Александрович соғыстан оралды, бірақ көп кешікпей көз жұмды. Анасы Вера Евдокимовна балаларын жалғыз тәрбиелеп өсірді.  

Таңдау уақыты: оқу. Әскер қатарындағы қызмет. «Союзцелинвод» тресінде жұмыс істеу. Тастарды шашатын кез өтті, енді оларды жинау уақыты келді. Табыс келді:  спортта, жұмыста, өмірде.

Жазушы жаңа кітапты жазу барысы жөнінде атап өтті. Оған не шабыт бергенін сөз қылды. Оның өлең жолдарын оқып, ұлы батырларды есіме алдым. Қонақтар, ҰОС ардагерлері, К. Симоновтың, Р. Рождественскийдің және т.б. сүйікті ақындардың өлеңдерін оқып беру мүмкіндігін жібермеді. Олар соғыс жылдарындағы әсерлі оқиғаларымен бөліскенде, тыңдармандардың бәрі көздеріне жас алды. Карпук Василий Евсеевич фашист күшімен бетпе-бет келгенде мүлдем кішкентай болған екен. Жау оғынан екі рет  жараланды, бірақ  аман қалды. Лагерьден өзінің туған ауылына қашып, өлімнен құтылған анасының әңгімелерін есіне түсірді.

Қонақтар арасында жастар да болды. Жас ұрпақ ардагерлерді және олардың жан түршігерлік оқиғаларын мұқият тыңдады. Кездесу кітап иегерлеріне қолтаңба мен тілектер берумен және соғыста қаза болған батырларды бір минут еске алумен тәмамдалды.  

   

 

 

 

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» ММ

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз хатшысы

Кейін қарай