Қазақстан халқы Ассамблеясы

08 Шілде, 2016

793

Орал қаласындағы «Вардавар» мерекесі

Мұны жаңбыр шақыру немесе су мейрамы десе де болады. Армян ұлтының өкілдері бір-біріне су шашысып, әуенге қосылып, шаттана би биледі. Мерекеге байланысты дастархан да жайылды.

Іс-шараны ұйымдастырған «Масис» армян этномәдени орталығының төрағасы Аветик Амирханянның айтуынша, «Вардавар» - Арменияда кеңінен тойланатын дәстүрлі мейрамның бірі. Оны дүние жүзі елдеріндегі армян диаспоралары да атап өтеді. Орал қаласында бірінші рет ұйымдастырылған мерекеге өңірдегі басқа этномәдени бірлестіктер өкілдері де белсене қатысып, бірге тойлады. Бұл да - Елбасы саясатының жемісі. Ал бес мың жылдан астам тарихы бар «Вардавар» мерекесі шаруалардың тамыз айында жазғы аптап қысқан кезде қуаңшылықтан құтылу үшін егістікті  қолдан суаруына байланысты шыққан. Қала, ауыл көшелерінде халық бір-біріне су шашып, қуаныш құшағында етене араласқан, өз үйінің алдына немесе төбесіне гүл шоғын да қоятын болған. Мейрамның діни астары да бар.

Кейін қарай