Қазақстан халқы Ассамблеясы

29 Қыркүйек, 2023

686

Орал қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

2023 жылғы 28-29 қыркүйекте Орал қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Іс-шараны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қоғамдық келісім» республикалық мекемесі ұйымдастырды.

Отырысқа Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Аурика Дяк, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нүрия Ниязова, Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің төрайымы Назипа Шанаи, «Қоғамдық келісім» РММ директорының орынбасары Әлия Сапарова, «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Тимур Жұмырбаев, БҚО бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің өкілі Аманқос Жұбаныш, өңірлік ҚХА Аналар кеңесінің мүшелері, психологтар және қоғамдық ұйымдарының мүшелері қатысты.


Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысының бірінші күнінде «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» форумы өтті. Оның аясында «Рухани тәрбие» және «Салауатты сана» тақырыптарына сессиялар өтті. Қатысушылар аналардың жастарды рухани тәрбиелеу жөніндегі өңірлік кеңестерінің қызметін талқылап, отбасы институтын нығайтуға бағытталған жұмыс тәжірибесімен бөлісті.


Форумның практикалық бөлігінде отырысқа қатысушылар «Салтанат сарайында» көп балалы аналармен кездесіп, «Бесікке салу», «Тұсау кесу» мен «Ақ орамал» салт-дәстүрлерін орындады.

Сонымен қатар Оқушылар сарайында «Достық», «Жас сарбаз», «Айбын» үйірмелерінің оқушыларымен танысқаннан кейін, вейпке қарсы акциясы өткізілді, оның мақсаты жаңа әдеттің зиянды әсері туралы хабарлау болды.

2023 жылғы 29 қыркүйекте ҚХА республикалық Аналар кеңесінің пленарлық отырысы өтті.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Аурика Дяк кіріспе сөзінде ҚХА Аналар кеңесінің қызметі, олардың отбасылық және тұрмыстық мәселелерді шешуге қосқан үлесі, жаскелең ұрпақты тәрбиелеудегі ананың рөлі туралы баяндады.


Ата-ананың отбасындағы рөлі, қоғаммен байланыс, отбасы институтын нығайтуға бағытталған заңнамалық нормаларды жетілдіру мәселелері пленарлық отырысында талқылаған болатын. Әлеуметтік кодекс жобасын әзірлеуге тікелей атсалысып, цифрлық отбасы картасын енгізуге үлес қосқан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Нұрия Ниязова отбасын қолдаудың нақты шараларға тоқталды.

Пленарлық отырыс кезінде Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық Аналар кеңесінің белсенді мүшелері марапатталды.





Кейін қарай