25 Қыркүйек, 2015
930
Орал: «Қазақстан халқы Ассамблеясы конструктивті қарым- қатынас құралының негізі»
25 қыркүйек күні Орал қаласында, Корей этномәдени бірлестігінің 25 жылдығына орай Мәскеу, Саратов, Самара, Орынбор қалаларының жас ғалымдарының қатысуымен «Еуразиялық кеңестіктегі ұлтаралық қарым-қатынастар. Қазақстандағы келісім мен бейбітшілікті сақтаудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі» атты халықаралық ғылыми - практикалық конференция өтті.

Ғылыми - практикалық конференция жұмысы басталмас бұрын, келген қонақтар мен конференцияға қатысушылар БҚО Корей этономәдени бірлестігі әзірлеген фотокөрме мен корей халқының әдебиеті мен мәдениеті тақырыбындағы көрмемен танысты.
Конференция жұмысына БҚО әкімінің орынбасары Б.М. Макен, БҚО Қазахстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Г.Х. Қапақов, Орал қаласындағы Ресей Федерациясының консулы С.М.Забитов, облыстық мәслихат хатшысы М.И.Кулшар, облыстық басқарма басшылары, этномәдени және қоғамдық бірлестіктердің төрағалары, БҚО КХА ғылыми – сараптама тобының мүшелері, облыстық жастар көшбасшылары, облыстық жоғары оқу орындарының өкілдері және Ресейден келген жас ғалымдар: Ю.Кофнер – «Жас Еуразия» еуразиялық қозғалысының төрағасы, өңірлік клуб төрағалары: Самара қаласынан – О.Невзоров, Саратов қаласынан – М.Абубакаров, Орынбор қаласынан – А.Железняк қатысты.
Конференцияда алғашқы сөзді БҚО әкімінің орынбасары Б.М. Макен алып, ең алғаш Еуразиялық одақтың құру идеясын 1994 жылы МГУ ғылыми кеңесінің залында Н.Ә.Назарбаев ұсынғандығын айтып кетті. Сөзінің соңында БҚО корей этномәдени бірлестігінің 25 жылдығына орай БҚО әкімінің атынан этномәдени бірлестігінің төрағасы М.В. Пакқа алғыс хат табыс етті.
Конференция қатысушылары еуразиялық қозғалыс өкілдері дайындаған: Кофнердың «Трубецкойдан Назарбаевқа дейін Еуразиялық идеясы ұлтаралық келісімнің негізі ретінде», А.Железняктың «Оренбург өңіріндегі қазақ – орыс достығы және еуразияшылдық», М. Абубакаровтың. «Евразиялық одақ және ұлтаралық келісім Шешен Республикасының мысалында», О. Невзоровтың «Ресейдегі Еуразиялық қозғалыс: қоғам, ғылым, билік» баяндамалары тыңдалды. Баяндамашылар өздерінің сөздерінде посткеңестік кеңестіктегі елдердің ұлтаралық қатынастарындағы еуразияшылдық қозғалыстың рөлін атап өтті.
Сонымен қатар «Қазақстан халқы Ассамблеясы конструктивті қарым- қатынас құралының негізі» және «Қазіргі заманғы Қазақстан жастарының әлеуметтік – саяси сәйкестілігі еуразиялық интеграцияның факторы ретінде» деген тақырыптарда Г.Х.Қапаков пен М. Өтемісов атындағы БҚМУ әлеуметтанулық зерттеулер мен мониторинг бөлімінің басшысы П.А. Добряев баяндама жасады.
Конференция соңында қатысушылар бірнеше маңызды мәселелер бойынша және Корей этномәдени бірлестігінің, Орал қаласының университеті базасында «Еуразиялық клуб» құру туралы ұсыныстары бар қарар қабылдады.
«Қоғамдық келісім» КММ Сараптама – талдау бөлімі
Ұқсас жаңалықтар
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
28 Тамыз, 19:29
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті