14 Қараша, 2016
788
Оралда достық пен келісімнің карнавалы өтті
Орал қаласының Достық үйінде облыс әкімдігінің қолдауымен «Этностар күні» аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Хаймат» неміс этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен немістің ұлттық карнавалы өтті.
Іс-шараның мақсаты – неміс ұлтының дәстүрімен және мәдениетімен таныстыру, ұлтаралық келісімді нығайту.
Мерекеге ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестігіктедің төрағалары мен мүшелері, «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемкемесінің директоры Александр Ажгалиев, Вальдорф бағытындағы мектеп-гимназиясының кураторы фрау Эльке Винтер (Германия, Хаген қаласы), оқушылар қатысты.
Карнавалға келген қонақтарды «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемкемесінің директоры Александр Ажгалиев пен Хаймат этномәдени бірлестігінің басшысы Эдуард Фрицлер қарсы алып, немістің дәстүрлі тағамдарынан дәм татуға шақырды. Александр Құмарұлы Достық үйінде этностар күні аясында өтіп жатқан неміс карнавалына сәттілік тілеп,жиналған қауымға зор денсаулық пен үлкен табыстар тіледі.
Фашинг карнавалы - жыл сайын Германия қалалары мен ауылдарында тойланатын мереке. «Fasching» деп дәстүр бойынша өтетін шаттық пен қуаныш кезеңін атайды. Карнавал уақыты 11 айдың 11 күні сағат 11-ден 11 минут кеткенде басталады. Бұо күні Германия қалалары мен ауылдарының тұрғындары өз үйлерін, дүкендер мен мейрамханаларды мерекеге арнап безендіреді. Кіреберіске сабаннан жасалған карнавалдық қуыршақтарды іліп, карнавал біткен соң оларды өртейді. Ең үлкен карнавалдық шерулер үлкен қалаларда (Кельн, Дюссельдорф, Майнц) өтеді. Әдетте, карнавалдың бірінші күні (бейсенбі) әрбір қала ханзада мен ханшайымды таңдайды. Ал кешке әртүрлі дәмді тағамдар дайындап, бір-біріне қонаққа барады. Карнавал апта бойы – бейсенбіден сәрсенбіге дейін жалғасады. Әрбір күн өзіне тән өзгешелігімен ерекшеленеді.
***
«Хаймат» Орал неміс мәдени-ағартушылық қоғамы» қоғамдық бірлестігі 1997 жылы тіркелді. Батыс Қазақстан облысында ел игілігі үшін экономика, мәдениет және ғылым саласында еңбек етіп жүрген 1,5 мыңнан астам неміс этносының өкілдері өмір сүреді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
-
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
-
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Ассамблея жастары» төрағасы Т. Джумурбаевпен кездесті
-
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
25 Тамыз, 18:49
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
25 Тамыз, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
25 Тамыз, 21:37
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті