19 Қараша, 2018
1014
ОРАЛДА ЕВРЕЙ ҰЛТЫНЫҢ МӘДЕНИ КҮНДЕРІ АТАЛЫП ӨТТІ
Орал қаласының Достық үйінде еврей ұлтының «Рош-а-шана» мерекесі тойланды.
Ескі күнтізбеде бұл «Жаңа жыл» деген атауды білдіреді. Сәні мен салтанаты келіскен шарада бауырлас халықтың салт-дәстүрі таныстырылып, тарихи-мәдени жауһарлары паш етілді. Достық үйінде өткен шара еврей ұлтының төл мәдениеті мен құндылықтары дәріателген көрмеден бастау алды. Өңірдегі мәдени бірлестік мүшелері бауырлас халықтың тарихы, өнерімен салт-дәстүрімен таныстырып, елдегі татулықты қадірлеу білуге үндеді.
«Бізде ортақ мақсаттар көп, өйткені біздің отанымыз ортақ. Қазақстанның гүлдену жолында, оны мекен етіп жатқан еврей ұлты қашанда аянбай еңбек етуге әзір», – деді «Ламед» еврей этно-мәдени бірлестігінің төрайымы Ольга Дергачева.
Мәдени шарада еврей халқының әндері шырқалып, әсем билері орындалды. Достықтың мекеніне айналған қазақ елінде тұрып жатқан барлық этнос өкілдерінің рухани байлығы ұқсас. Ұйымдастырушылар оны театрландырылған қойылым арқылы жеткізді.
«Ең ұлық мереке – достық мерекесі. Елбасының өзі халықтар арасындағы татулықты нығайтып, ауызбіршілігін арттыруға ерекше мән беріп отыр. Өйткені ынтымағы жарасқан ел ғана мәңгілік бола алады», – деді «Вайнах» шешен-ингуш этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Данильбек Саратов.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
20 Тамыз, 18:23
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті