21 Желтоқсан, 2015
766
Оралда корейлер өз мәдениетін көрсетті
Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің мәжіліс залында ҚХА жылы аясында корей мәдениетінің күні аталып өтілді.
Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің мәжіліс залында ҚХА жылы аясында корей мәдениетінің күні аталып өтілді.
Фойеде корей ұлты өкілдерінің салт-дәстүрі, мерекелері жөнінде фотокөрме, осы тілдегі кітаптар көрмесі ұйымдастырылып, ұлттық тағамдар қойылды.
Іс-шара барысында биыл құрылғанына 25 жыл толған корей этномәдени бірлестігінің тыныс-тіршілігі туралы бейнефильм көрсетіліп, корей халқының ән-билерінен құралған концерттік бағдарлама қойылды. Корейлерде де қазақтар сияқты жасы үлкенді сыйлау, айтқанын қалт етпей орындау сынды игі дәстүр, тұсаукесерге ұқсас мереке бар. Сәби бір жасқа толғанда, оған ұлттық киім кигізіп, түрлі заттар қойылған үстелге қарай жібереді. Бүлдіршін нені қолына ұстаса, өскенде соған сай мамандықты меңгереді (мысалы, кітапты ұстаса, ғылымға бет бұрады), бұршақ алса ата – анасының ғұмыры қуанышты болады деген ырым бар. Келушілер үшін осы көрініс те қойылды.
Аталмыш бірлестік төрағасы Максим Пактың айтуынша, қазіргі кезде өңірде 850-ден астам корей ұлтының өкілдері тұрады. Олар басқа да ұлт өкілдерімен бірлесе отырып, облыстың қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып келеді. Өздерінің салт-дәстүрін, мәдениеті мен тілін дамытып қана қоймай, бірлестік мүшелері мүгедектерге де қолұшын созуды ізгі іске айналдырған. Айталық, «Келешекке көзқарас» әлеуметтік жобасы аясында «Арба» қоғамдық бірлестігі жанынан мүгедектерге арналған сылау кабинетін ашты. Оған қоса ҚХА жылы аясында отызға жуық қайырымдылық іс-шарасын өткізді.
Еске сала кетейік, 2012 жылы Оралда корейлердің қазақ жеріне депортацияланғанына 75 жыл толуына орай «Қазақ халқына мың алғыс» атты монумент ашылған болатын. Бұл корейлердің жер аударылып келгенде, өздерін жатсынбай, паналатқан қазақ халқына деген ризашылығын білдіреді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында сөйлеген сөзі
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
вчера, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті