
29 Қараша, 2017
904
Оралда ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған іс-шара өтті
Орал қаласының Достық үйінде ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елі сүйген, Елін сүйген Елбасы» атты салтанатты іс-шара өткізілді.
Шара бағдарламасында «Мемлекет басшысы – дана көшбасшы» тақырыбына кітаптар көрмесі ұйымдастырылды..
ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттің бірлігін, конституциясын, адам мен адамзаттың құқықтарын және бостандықтарын қорғауды қамтамасыз еткен жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы екендігі туралы Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ақсақалдар кеңесінің төрағасы Рахметолла Сүйербаев сөз сөйлеп жиынды ашып берді. Өз өмірлеріндегі, кәсітеріндегі Елбасының рөлі туралы облыстық қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі, «Орал «Зенит» зауыты» АҚ бас директоры Вячеслав Хамзиевич Валиев, қалалық көпбейінді аурухананың қабылдау бөлімшесінің меңгерушісі Бақтияр Шарыхтайұлы Ташкенбаев (Болашақ бағдарламасының түлегі), Назарбаев зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы Бақдәулет Закировтар сөйлеп Елбасына деген құрметтерін білдірді.
Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғайса Қапақов Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының сараптамалық-талдау тобының мүшелеріне Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметіне белсенді қатысқаны үшін алғысхаттар табыстады.
Бұдан соң, Н.Ә.Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделіне арналған үздік ғылыми жобалардың республикалық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі басталып, Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы Данильбек Саратов жеңімпаздарға марапаттарын табыстады.
Н.Ә.Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделіне арналған үздік ғылыми жобалардың облыстық байқауында «Қазақстанның посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық жобаларға қатысуы» атты жұмысымен 3 орынға ие болған Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің аға оқытушысы, магистр Ғалия Ставаловна Саркулова ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталады, «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық айшықты айнасы» атты жұмысымен, 2 орынға ие болған «ҚазИИТУ» ҒББК оқытушылары Гүлжамал Өтепқалиқызы Қазкенова мен Гүлнұр Елтайқызы Рамазанова ІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.
«ҚазИИТУ» ғылыми-білім беру кешенінің оқытушысы, тарих ғылымдарының магистрі Құрманғазы Бекболатұлы Қайыржановтың «Батыс Қазақстан: Тәуелсіздік жылдардағы конфессияаралық келісім» атты жұмысы және М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушысы, магистр Жігер Қанатқалиұлы Алдияровтың «Мәдени жаhандану жүйесіндегі Қазақстандағы жаңғыру процестері» атты жұмысы І дәрежелі дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
БҚО әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
Дата события ассамблеи: 29.11.2017
Ұқсас жаңалықтар
-
Жамбыл облысының этносаралық қатынастарды дамыту мәселелері бойынша ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы өтті
-
Ақмолада ҚХА XXVIII сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының жұмыс отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Жамбыл облысының этносаралық қатынастарды дамыту мәселелері бойынша ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы өтті
-
Ақмолада ҚХА XXVIII сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының жұмыс отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті