19 Қазан, 2015
1791
Оралда шешен әйелдерінің күні аталып өтті
Қазақ ИИТУ оқу кешенінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы шеңберінде Шешен әйелдері күні аталып өтті. Іс-шараға Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Игорь Стексов, Ресей Федерациясының Орал қаласындағы вице-консулы Юрий Понамарев, Ақтөбедегі «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы Ильман Юсупов, Бөрлі ауданының құрметті азаматы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Мұхтар Боқаев қатысты.

"Вайнах" шешен-ингуш қоғамының төрағасы Данильбек САРАТОВ шешен әйелдері күнін мерекелеу қыркүйек айының ортасында өткізілетінін, мұндай мерекені 2009 жылы Шешенстан Президенті Рамзан Қадыров белгілегенін айтып берді. Бұл мерекенің негізінде мынадай аңыз жатыр:
- «1819 жылы генерал Ермоловтың әскерлері шешендер тұратын Дади-Юрт селосын өртеп жібереді. Тұтқынға түскен 46 қыз дұшпан тұтқынында қалмау үшін Терек өзенінен өтіп бара жатқанда суға құлап өледі. Осы оқиғаны еске ала отырып, біз шешен әйелдерін осы ержүректік танытқан күнмен құттықтап, оларға бақыт пен бейбіт өмір тілегіміз келді. Шешен әйелдері ғана емес, Қазақстанның барша әйелдері балаларын бейбіт аспан астында өсірсе деп тілер едік.».
Бөрлі ауданының құрметті азаматы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Вайнах» этномәдени бірлестігінің мүшесі Мұхтар Боқаев шешендердің әйелдерге деген қатынасы қашанда ерекше болғанын, шешендер бейбітшілік пен тұрақтылықты бағалайтынын, ал оның символы – бесік жанындағы Әйел екендігі туралы әңгімеледі.
Ресей Федерациясының Орал қаласындағы вице-консулы Юрий Понамарев РФ мен қазақстан арасында қалыптасқан тату көршілік қатынастарға мән бере, атап өтті.
Іс-шараға Ақтөбе қаласындағы «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің өкілдері келіп қатысты. Фойеде шешен ұлттық тағамдары қойылған дастархан жайылып, сахнада халық әндері мен билері орындалып жатты. Мұндай мерекелер этносаралық қатынастардың нығаюына ықпал етеді, өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді тәрбиелейді, - десті жиналғандар.
БҚО «Қоғамдық келісім» КММ
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
25 Шілде, 21:04
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
30 Шілде, 15:10