Қазақстан халқы Ассамблеясы

11 Тамыз, 2015

1131

Оралда «Тілдерді үйретудің инновациялық тәсілдері» атты семинар өткізілді

ҚР Президенті жанындағы "Қоғамдық келісім" РММ және Алматы Менеджмент университетінің ұйымдастыруымен шілде айының соңында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының аясында семинар-тренинг өткізілген болатын.

Тілдерді үйретудің инновациялық тәсілдерін  аймақтарға тарату мақсатында Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде, этномәдени және қоғамдық бірлестіктермен жұмыс жасау бөлімінің әдіскері Истаева Әлия семинар-тренинг өткізді.

Семинарға "Қоғамдық келісім" КММ қызметкерлері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Әдіскер семинар барысында түрлі этнос өкілдеріне тілдерді тез үйрену техникасын таныстырып өтті және семинар барысында ол әдістерді практикалық енгізу туралы әңгіме қозғалды.

Семинар-тренинг барысында әдіскер қатысушылармен психологиялық және практикалық тренинг өткізді.

БҚО әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім»

этномәдени және қоғамдық бірлестіктермен

жұмыс жасау бөлімі

Кейін қарай