Қазақстан халқы Ассамблеясы

30 Қазан, 2017

1019

Оралда жас мамандар «Ырыс алды - ынтымақ» іс – шарасы аясында, ақсақалдармен кездесті

БҚО әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласына  орай  жас мамандарға, студенттер мен жұмысшы жастарға тәлім-тәрбие беру мақсатында Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы ақсақалдар кеңесінің мүшелерінің  қала мекемелерінде және оқу орындарында «Ырыс алды  - ынтымақ» атты  кездесулер өтуде. Кездесулер арнайы кесте бойынша өткізілуде.

Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы ақсақалдар кеңесінің  мүшелері БҚО Электр желілерін таратушы компаниясының жас мамандарымен кездесті.

Кездесуде ақсақалдарымыз Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы ақсақалдар кеңесінің  өкілдері: Рахметолла Суербаев, Бәтес Исмагулова, соғыс ардагері - Сафин Хамза және  жас мамандар  Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын талдауда  үлкен қызығушылық танытты.

Соғыс ардагері, ҚР құрылыс саласының Құрметті азаматы - Сафин Хамза ағамыз Елбасы айтқан:«Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз. Қазіргі қоғамда шынайы мәдениеттің белгісі – орынсыз сән-салтанат емес.Керісінше, ұстамдылық, қанағатшылдық пен қарапайымдылық, үнемшілдік пен орынды пайдалану көргенділікті көрсетеді», деп айтып   кетті. Батес  Исмагулова апамыз «Ырыс алды – ынтымақ» деген қағиданы басты назарда ұстап  қазақ халқы ел арасындағы ынтымақ-бірлікті, татулықты ерекше бағалауға үйрену керектігін де қайталап жастарға түсіндірді және өз өміріндегі қызық та қиын уақыттары туралы әңгіме өрбітті.

Кәзіргі таңда БҚО Электр желілерін таратушы компаниясының 1700 жұмысшысының 40 пайызын жастар құрайды, оладың көбі инженерлік мамандықтың иелері. Жас мамандар  өз сөздерінде, бұрыңғы аталарымыз жүрген жолмен жүріп, елімізге пайда әкелуге тырысамыз деп, қонаққа келген аталарына алғыстарын білдіріп жатты.  

БҚО әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім»

КММ баспасөз - хатшысы 

Дата события ассамблеи: 30.10.2017

Кейін қарай