Қазақстан халқы Ассамблеясы

03 Қазан, 2015

2797

Ордабасы – ел жүрегі, жер кіндігі

Экспедиция күнделігінің екінші күні Ордабасы ауданында жалғасты. Сапар Темірлан ауылындағы Қажымұқан атындағы облыстық спорт мұражайынан басталды. Батыр өмірінің шежіресіне айналған спорт мұражайы әзірге республикада жалғыз. Топ мүшелері баба аруағына арнап құран бағыштады. 

Экспедиция күнделігінің екінші күні Ордабасы ауданында жалғасты. Сапар Темірлан ауылындағы Қажымұқан атындағы облыстық спорт мұражайынан басталды. Батыр өмірінің шежіресіне айналған спорт мұражайы әзірге республикада жалғыз. Топ мүшелері баба аруағына арнап құран бағыштады.

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» күре жолының бойынан аудан тарихының арғы – бергісін дәріптейтін арнайы кешен тұрғызу жөнінде жоспарлар түзіліп жатыр. Жоспар жүзеге асса, мұражайды сонда көшірмек ойымыз бар»,-деді өз сөзінде аудан әкімінің орынбасары Әлдібек Шынасылұлы.

Одан әрі аудандық мәдениет үйінде топ мүшелері жергілікті тұрғындармен кездесті . Аудан әкімі Самат Сапарбаев мерейлі мерекенің маңыздылығына тоқталып, аудан тарихынан біршама мағлұмат берді. Эспедиция жетекшісі, облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Ербол Байқонақов Ұлт жоспарындағы «Біртектілік пен бірлік» бағыты бойынша «Мәңгілік ел мұраты – ел бірлігі» тақырыбында сөз сөйлеп, оқырмандар үшін құнды туындыларды сыйға тартты. Ал «Қазақ Хан-Батырлары» қоғамдық қорының төрағасы Бақытбек Еспенбетов өз сөзінде өткен тарихымызды тануда, оны насихаттауда, осындай ауқымды істерді қолға алып, жүйелі жұмыс істей беру қажет деді.

Мерекелік іс-шара Әз Тәукенің «Жеті Жарғысы» баяндайтын қойылыммен жалғасын тапты.

Сонымен қатар экспедиция барысында қатысушылар Ордабасы тауында болып қайтты. Маталмыш киелі жерде 1726 жылы Орда тігіліп, қазақтың үш жүзінің игі жақсылары бас қосып, жоңғар басқыншылығына қарсы күреске халықты жұмылдыру жайында кеңес өткен. «Күлтөбенің басында күнде жиын» деген сөз сол заманнан қалған.

1993 жылы көршілес үш елдің Президенттері осында бас қосып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елді елдікке үндеп, болашаққа барар жолды меңзеп еді. Әруақ қонып, нар шөккен жеріміздің биігіне ұлт туын тігіп, ел-жұртын бірлікке, бүтіндікке шақырған. Сол келелі кеңес өте сала «Ордабасы» тарихи-мәдени ұлттық қорығы құрылған болатын. Қорықта ерекше маңызды 10 ескерткіш орналасқан. Қорық басшысы Шаһар Қаназарұлы экспедиция мүшелерін қастерлі жердің бүгінгі тыныс-тіршілігімен таныстырды.

Кейін қарай