01 Сәуір, 2021
3480
Қордайда айтулы іс-шара өтті
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 31 наурыз күні Жамбыл облысы Қордай ауданы Қаракемер ауылында айтулы іс-шара ұйымдастырылып, мешіт ғимаратының ауласына жүз елу түп жасыл желек отырғызылды.
Ынтымақ пен бірліктің, татулық пен достықтың туын желбіреткен ауқымды акцияға Қарасай, Еңбек, Қаракемер, Масаншы, Ауқатты, Сортөбе, Қарасу, Өтеген, Күнбатыс ауылдарының мешіт жамағаты мен имамдары, ауыл жастары мен ақсақалдар қауымы қатысты. Таң азаннан басталған абаттандыру жұмыстары барысында әр ауылдан жиналған азаматтар бір атаның баласындай бірлесе тал тігіп, бір біріне деген ізгі тілектерін жеткізді.
Іс-шарада Қордай ауданының бас имамы, Елордадан арнайы келген қонақ, абайтанушы Омар Жәлел мен ауданның құрметті азаматтары сөз сөйледі.
«Осындай іс-шаралар жақында Қарасай, Сортөбе, Өтеген ауылдарында өтсе, бүгінгі ағаш егу жұмыстары Қаракемерде ұйымдасырылып отыр. Мұндағы басты мақсат бірлік пен татулықтың қымбат екенін көрсету, жастарды имандылық пен салауатты өмір салтына баулу. Осы орайда игі шараны ұйымдастыруға атсалысқан мешіт имамдары мен жамағатқа ризшылығымызды білдіреміз. Алда осы бағытта атқарар әлі талай жоспарларымыз бар», - дейді ауыл тұрғындары.
Осыдан кейін Қаракемер ауылдық мешітінің имамы Данияр Таубалдының ұйымдастыруымен іс-шараға қатысқан қалың көпшілік жаңа мешітке жиналып, онда кір тасын көтеру және арқан тартыс ойындарын тамашалады. Сонымен қатар, ауылдық мешіт өкілдері көрерменге Қарасайдың батырлығы мен Төле бидің туралығы жайындағы қысқаша көрінісін ұсынып, мешіт асханасына кең дастархан жайса, іс-шара соңында ауыл тұрғындары мешіт имамына темір тұлпардың кілтін табыс етті.
Ұқсас жаңалықтар
-
Марат Әзілханов Жамбыл облысының «Масанчи жастары» қоғамдық бірлестігінің белсендісі З.Лировпен кездесті
-
Марат Әзілханов Алматы қ. ҚХА төрағасының орынбасары В. Лукашевпен кездесу өткізді
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Али Балоевпен кездесу өткізді
-
Марат Әзілханов ҚХА-ның «Біртұтас қоғам: келісім және сенім» қоғамдық жобасының жетекшісі Л.Буларовпен кездесу өткізді
-
Марат Әзілханов Алматы қ. ҚХА активімен кездесу өткізді
-
Алматы облысы Ұйғыр ауданында аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды
6 Қыркүйек, 22:51
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
6 Қыркүйек, 11:28
Қарағанды облысында «Бірлік» халықаралық жастар лагері басталды
5 Қыркүйек, 22:32
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
10 Қыркүйек, 17:29
Сергей Пономарев Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының басшысы болып сайланды
6 Қыркүйек, 16:48
Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті