Қазақстан халқы Ассамблеясы

10 Желтоқсан, 2014

1193

Орталық коммуникациялар қызметінде бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының жаңғыртылған ресми интернет-ресурсының таныстырылымы өтті

Қазақстан халқы Ассамблеясының жаңғыртылған ресми интернет-ресурсының таныстырылымы өтті

Қазақстан халқы Ассамблеясының сайтын жаңғырту жұмыстарын «Қазконтент» акционерлік қоғамы жүргізді. 
«Қазақстан халқы Ассамблеясының интернет-ресурсы assembly.kz доменінде орналасқан. Сайт бүгінгі дизайн және интернет-ресурстарды жасау, оның контенті мен құрылымына қойылатын талаптарға сай жаңартылып жасалды. Портал үш тілде жұмыс істейді. Сондай-ақ, сайттың интерфейсінде көші нашар көретін аламдарға арналған нұсқа қарастырылған», - деді брифингте «Қазконтент» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Нартай Әшім. 
Нартай Қасымжанұлы атап өткендей, интернет-портал ҚХА-ның 16 өңірлік филиалы үшін бірегей платформа функциясын атқарады. Сайттың басты беті бірнеше функционалдық аймақтан тұрады. Біріншісінде, дәйексөздер бөлімі, сайт бойынша іздеу, тіл таңдау, көші нашар көретіндер үшін бөлімге өту және сайттың әлеуметтік желілердегі парақшаларына өту нұсқалары орналасқан. Екінші функционалдық аймақ сайттың навигациясының бас мәзірінен тұрады. Мұнымен қатар, мұнда арнайы жобалар парақшасына өтетін графикалық баннер ақпараттық блогы орналасқан. Бұған қоса, жаңалықтар блогы мен аймақтық жаңалықтар бар. 
«Үшіншісінде ҚХА төрағасының және оның көмекшілерінің бөлімі орналасқан. Бұл бөлімде төраға және қызметкерлер туралы анықтамалық-биографиялық ақпарат бар. Сайттың сол жағында ресми құжаттар және аймақтық ҚХА-ның мәзірлері орналасқан. Әр аймақ үшін бөлек сайттар бірдей стильде және құрылымда жасалған», - деп толықтырды Нартай Әшім.
Оның айтуынша, сайттың мультимедиялық бөлімінде ҚХА-ның іс-шаралар күнтізбесі, фото және видео галереясы орналасқан. Тағы бір маңызды жайт, портал пайдаланушыларымен тұрақты жұмыс жүргізу үшін кері байланыс мүмкіндігі де қарастырылған. 
Айта кету керек, сайтты мобильдік құралдарда, планшеттер мен смартфондарда да қолдануға болады. Барлық мәтіндік материалдарды pdf және epub форматтарында жүктеуге мүмкіндік жасалған. 
Интернет аудиториямен жұмыс істеу мақсатында негізгі әлеуметтік желілерде аккаунттар ашылған.

Айымгүл ӘБІЛЕВА, видео: Әлішер Әбдікәрімов

Сілтеме: http://bnews.kz/kk/videonews/post/243515/

 

Кейін қарай