17 Қазан, 2025
76
ҚОСКҚ Астанадағы Достық аллеясында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын өткізді
Елордада «Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ бастамасымен республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті. Іс-шара Достық үйінің, Қазақстан халқы Ассамблеясының және Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.
Акцияның мақсаты - экологиялық мәдениетті дамыту, қоғамда жауапкершілікті қалыптастыру және қоршаған ортаға ұқыпты қарау.
Бастамашы - Қауымдастық төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Бір ел - бір мүдде» депутаттық тобының мүшесі Сергей Пономарёв.
Шара барысында Қауымдастық мүшелері елорданы абаттандыру жұмыстарына белсенді қатысып, бұталар отырғызды, аумақты тазалап, Қазақстан халқының бейбітшілігі мен бірлігін бейнелейтін Достық аллеясын абаттандырды.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктері арасында кең қолдау тапты.
ҚОСКҚ-ның табиғатты қорғау мен қаланы көркейтуге қосқан үлесі қоғам игілігі үшін бірлік пен жасампаздық идеяларының нақты істер арқылы жүзеге асуының үлгісі болды.

Ұқсас жаңалықтар
-
Спорт пен достық мерекесі
-
АСТАНАДАҒЫ КОРЕЙ МӘДЕНИЕТІ КҮНІ: ДӘСТҮР, ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ДОСТЫҚ БІРЛІГІ
-
Достық үйінде «Ана тілім – байлығым!» атты дөңгелек үстел өтті
-
Қызылордада журналистер арасында «ДОСТЫҚ LIVE» футбол турнирі өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Риддер қаласындағы Достық үйіне барды
-
ШҚО-да «Достық тәжірибелері: нәтижелі үлгілер» атты сараптамалық сессия өтті